Түнде жеуге болмайтын пайдалы тағамдар

Oinet.kz 01-11-2019 2306

Screenshot_13.jpg

Түнде жеуге болатын пайдалы тағамдар бар дегенге сенесіз бе? Иә, түнде жеген тағамның дәмі ерекше. Жатар алдында тыңқиып тойып алсақ та, тамаққа тәбетіміз тартып тұратын кездер болады. Егер сіз түнделетіп ас ішетіндердің қатарынан болсаңыз, дәмді әрі пайдалы тағамдар туралы біле жүріңіз.

Пісірілген алма

Не себепті пеште пісірілген алма түнде қарныңыздын ашқанын тез басады? Өйткені, пеште пісірілмеген кәдімгі алма тәбетіңізді ашатын күшке ие. Сол себепті алманы пеште пісіріп алған жөн. Пісірілген алманың үстіне дәміне қарай бал немесе даршын қоссаңыз, тәтті десерттің орнын басды. Алмадан жасалған кез келген тағам ұйқыны жақсартады.

Саңырауқұлақ

Түнде жеуге болатын пайдалы тағамдардың қатарына саңырауқұлақ та кіреді. Әлбетте қуырылған саңырауқұлаққа қаймақ пен картоп араластырып жеудің қажеті жоқ. Дұрысы буда пісірілген саңырауқұлақтардың кішкене мөлшерін жеген жөн. Айтпақшы, егер саңырауқұлақтарды барлық нұсқаулықтарға сай дайындайтын болсақ, диеталық және өте дәмді тамақ болады. Консервіленген саңырауқұлақтардан абайлаңыз! Саңырауқұлақтан даярланған тағамның көп мөлшері бауырға жақсы әсер етпеуі мүмкін.

Бадам (миндаль)

Жаңғақ –  қоректік және  пайдалы тағамға жатады, сондықтан оны кешкі уақытта жеу қолайлы. Он бадам жаңғағы аштықты азайтып қана қоймайды, сонымен В тобының витаминдерімен және магниймен қамтамасыз етеді. Бадам ағзаға пайдалы болғанымен, калориясы өте жоғары. Сондықтан көп жеуден сақтаныңыз!

Ботқа

Ботқа – таңғы ас кезінде де, кешкі ас кезінде де пайдалы. Егер кешке жейтін болсаңыз, майлы сүт емес, су қосып қайнатқаныңыз жөн. Және қант, тұз, тосап қоспағаныңыз дұрыс. Сонда ғана ол пайдалы болады және мүсініңізге зиянын тигізбейді. Егер тәтті жегіңіз келсе, онда аз мөлшерде кепкен жеміс пен бал қосыңыз. Өйткені кешке жұмыстан шаршап келгенде, кішкене тәттіден дәм татқыңыз келетіні орынды.

Балдыркөк (Сельдерей)

Бұл тағамның пайдалы қасиеттері туралы деректер өте көп. Дегенмен балдыркөктің дәмін көпшілігі ұната бермейді. Әсіресе шикі күйінде жегіңіз келмейтіні анық. Алайда, арықтауға көмектесетін тағамдардың бірі екені айдан анық. Балдыркөктің 100 граммында 16 калория бар. Демек, мүсініңізді сақтауға еш зияны жоқ. Сонымен қатар оның құрамында жеткілікті мөлшерде су мен жасұнық болғандықтан, тез тойып тәтті ұйқыға кете аласыз. Егер сіз қуырылған картоп жегіңіз келсе, балдыркөкті аз ғана зәйтүн майына қуырып жеуіңізге болады. Дәмі жағынан қуырылған картоптан кем түспейді. Есесіне, өте пайдалы.

Сүт

Түрлі диеталар ұстап өзін кейбір тағам түрлерінен шектеп жүрген қыз-келіншектердің ағзасында кальцийдің жетіспеушілігі қалыпты жағдай. Сол себепті сүт сіздің ағзаңызға бірінші кезекте керек тағамның бірі. Ол қарныңызды тойдырып қана қоймайды, сонымен қатар ағзаңызды қалпына келтіреді. Кальцийден басқа, сүт құрамында 20-ға жуық аминқышқылдар бар. Сондай-ақ сүттің құрамындағы ақуыз тез сіңіріледі. Алайда сүттің құрамында ағзаға аса пайдалы емес лактоза бар.

Мырзагелді Кемелдің бизнес жайлы қанатты сөздері
Жақсы күйеудің 10 белгісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу