Жақсы күйеудің 10 белгісі

Oinet.kz 06-11-2019 2720

Screenshot_9.jpg

Әйел ер кісінің қабырғасынан жаралған бөлшегі. Еркек өзіне қаншалықты мән берсе, өз қалауын қаншалықты жоғары қойса, әйеліне де сол дәрежеде көңіл бөлуі керек.

Әйел – от-ана. Яғни, шаңырақ жылуы мен тыныштығының қорғаушысы. Көп уақытын түзде өткізетін еркек теріс көңіл-күйін шаңыраққа алып кірмеуі тиіс. Үйде тағатсыз күтіп отырғандар сізді мінсіз тұлға деп біледі. Әйеліңіз де, ұл-қызыңыз да. Босағадан жарқын жүзбен аттаңыз.

Мейірімділік. Әйел мен күйеуінің арасындағы байланыс сүйіспеншілік және бірін-бірін түсінуге негізделеді. Жаман мінез, оғаш қылықпен осы байланысты кесудің қажеті қанша?! Құранда «Әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар, келіңдер…[2]» деген аят бар. Ер кісі егіндігіне тікен тұқымын тастап, жұпар иісті гүлдің өсіп шығуын күтуі қисынсыз. Не ексеңіз, соны орасыз.

Махаббат. Сезімге сараңдық етпеңіз. Әйел жылуға және сезімге мұқтаж. Әйел бұл сезімді тек күйеуінен ғана алады. Махаббат сезімін тек сіз ғана бере аласыз. Жылуды сізден таппаса, не болатынын ойлап көріңіз?

Бақыт кілті. Жылы сөз – жан дауасы. Шын пейілмен мақтап, алғыс айтып отырыңыз. Әйел сізден көп дүние сұрамайды. Үлде мен бүлдеге орап қой демейді. Жақсы сөзге сараңдық етіп, жүрегіңізге барар жолды жарыңызға тарс жауып қоймаңыз.

Әйел көркі – шүберек. Әйелдің жанына көңіл бөлген сияқты оның материалдық мұқтаждықтарына да мән беру қажет.

«Жақсы еркек» өлшемі. Кісі қоғамдағы орнын білгісі келсе, жақсылық өлшеміндегі орнын білгісі келсе, мына хадиске мән бергені абзал: «Сіздердің жақсыларыңыз әйеліне жақсы қарым-қатынаста болғаны. Мен әйеліне жақсы қарауда сендерден жақсымын[5]».

Әйел – күйеуінің қас-қабағына және көңіл-күйіне тәуелді жан. Сондықтан еркек әйеліне жақсы қарауға міндетті.

Сәлем – берекет. Үй босағасын аттағанда, сәлем беріп кіру. Ал, сәлемсіз кіру өзімен бірге шайтан алып келгенмен пара-пар. Хадисте: «Кісі үйіне кірген кезде, тамаққа отырған кезде Алла Тағаланың есімін ауызға алса шайтан: «Үйде қонатын жер де, кешкі ас та жоқ екен»,–дейді.

Ұсақ-түйекке көз жұму. Азын-аулақ кемшілік барлығымызда бар. Болмашы дүние үшін жанын сөзбен жаралап, әйелдік болмысына тіл тигізуі – қат

дереккөз: kazislam

Түнде жеуге болмайтын пайдалы тағамдар
Темекіге қатысты бірнеше мәселе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу