50 жасынан асқан әйелдерге арналған сән үлгісі

Oinet.kz 17-10-2019 1195

Сәннің жасы жоқ. 

Әйел кез келген жасында әдемі болуға хақылы. 50 жастағы әйелге, 20 жастағы әйелге деп сән бөлінбейді. Сән, фэшн сөздерін санаңыздан өшіріп, жай ғана әйел секілді киініңіз, сәнді әйел секілді. Киімді жасыңызға сәйкес емес, өлшеміңізге сәйкестендіріп таңдаңыз.

50-60 жастағы әйел адамына арналған сән үлгісі деген болмайды. Немес сәнді киінесіз не 50 жастан асқан әйел стереотипімен киінесіз.

Мәселен социология ғылымдарының профессоры Лин Слэйтер 60 жасынан асқанда сәнді блог түсіре бастайды. Ол ешқандай да сән бикеші емес, жай ғана сәннен қалмай өзін нағыз әйелдей сезінуі үшін киінеді.

image.png

image.png

image.png

Лин Слэйтер: "Менің арнайы киім үлгім жоқ, мен көңіл-күйіме байланысты киінемін."

Спортты сән үлгісі де мейілінше сәнді көріне алады. ол үшін алған заттарыңызды үйлестіре біліңіз, бастысы киімнің болмысыңызға сай, үйлесімді көрінуі.

Егер де сізде қаражат аз болса, біртүсті киімдер алуға тырысыңыз. ешқандай принтсіз, жолақсыз, бұл міндетті.

Әрине, 50 жастан соң дене болмысыңыз өзгереді, әсіресе қарын, аяқтарыңыз бос болуы мүмкін. тек қам жемеңіз бұл дефектілерді де жоюға болады. Бастысы талпыныс. Ешқашан өзіңізді бос жібермеңіз. Үнемі спортпен айналысыңыз, өзіңізді жақсы көріңіз, басқалардың да сізді жақсы көруіне мүмкіндік жасаңыз.

image.pngimage.pngimage.png

image.png

image.png

Егер сіздің аяқтарыңыз толық немесе тым арық болса қысқа белдемше сізге 20 жасыңызда да, 50 жасыңызда да жараспайды.

image.png

Әсемдік әрқашан да сәнде!

Жас қоса келе әйел адамы шынай ұстамды сән үлгісіне тоқтайды. Рас, бұрынғы сары, қызыл шұлықтар енді киюге келмейді. Дегенмен жас кезіңізде бата алмаған сәнді үлгілер ересек жаста әбден мүмкін.

image.png

Сәбіз көз көруін жақсартады ма?
Қара көйлекті қандай киімдермен үйлестіруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу