Ақтауда кәмелетке толмаған қыз 6-қабаттан секіріп көз жұмды

Oinet.kz 04-05-2023 835

Ақтауда жасөспірім алтыншы қабаттан секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_16.jpg

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 2-мамырда 07:20-да болған.

"Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан өзін лақтырып жібергені белгілі болды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Расталмаған ақпарат бойынша, марқұм 16 жаста болған.

Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті
Қостанайлық жас жігіт туысын қатыгездікпен өлітіріп, кейін оны видеоға түсірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу