Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеді

Oinet.kz 14-06-2024 1006

Ақмола облысының Сандықтау ауданының Жамбыл және Максимов ауылдық округтері әкімінің сайлауы 21 шілдеге қойылған. Бұл ауылдық округтер бойынша кандидаттарды тіркеу 1 шілде күні аяқталды. Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Клара Әуезханның айтуынша, екі ауылдық округ бойынша 6 кандидат тіркелген. Алты кандидаттың бірі әйел. Amanat партиясы тарапынан екі кандидат ұсынылса, өзін-өзі ұсынғандар 4 кандидат. 

Screenshot_41.jpg

- Қазіргі таңда сайлауға қатысатын кандидаттар белгілі болды. Сонымен бірге сайлау учаскелерінде комиссия мүшелеріне сайлау күні халықтың дауыс беруін ұйымдастыру, сайлауды заң талабына сай өткізу, сайлаушыларды түгендеу жұмыстары қатар жүргізілуде. Біз алдымен ауылдық округтер бойынша тіркелген кандидаттарға тоқталайық. Мәселен, Жамбыл ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркеліп отыр. Amanat партиясы тарапынан ұсынылған кандидат осы округтің әкімі Владимир Владимирович Гуйван. Ол қазір 48 жаста. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі 1977 жылы туған, Мәдениет ауылы әкімі аппаратының бас маманы Галина Константиновна Савиди болса, екіншісі Игорь Васильевич Федченко. 1995 жылы туған ол Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, - дейді Клара Серікбайқызы. 

Ал Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Максимов ауылдық округінің әкімі болуға ниетті үш кандидат бар. Яғни, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Максимов  ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеді. Бірінші тіркелген кандидат осы округтің әкімі, 1990 жылы туған Ербол Бисенбайұлы Атығаев. Оны өз лауазымына Amanat партиясының аудандық филиалы ұсынған. Өзін-өзі ұсынған екі кандидаттың бірі Берік Баянбайұлы Есләм. 1986 жылы туған ол Сандықтау ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы. Екіншісі 1989 жылы туған, Балкашин ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Алмас Асылханұлы Жүсіпов. Сандықтау ауданы бойынша екі округ әкіміне ұсынылған кандидаттардың барлығы мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бар. 

- Алдымызда тұрған сайлауды талапқа сай өткізу барлығымызға сын. 21 шілдеге белгіленген Жамбыл және Максимов ауылдық округтері әкімінің сайлауына сайлау округіне енген азаматтарды барынша тарту көзделуде. Қазіргі таңда кандидаттар тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бір атап өтерлігі қазіргі таңда сайлау жүйесі, оның талаптарында өзгерістер бар. Бір жағы учаскелік сайлау құрамы үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Сол үшін де олардың сауаттылығы мен біліктілігін арттырып отыру маңызды. Олардың біліктілігін арттыру үшін түрлі семинарлар мен кездесулер ұйымдастырып келеміз. Онда учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне көп ақпарат беріледі. Мәселен, жуырда аумақтық сайлау комиссиясы Максимов ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды. Сөйтіп онда сайлауға қойылып отырған талаптар жан-жақты түсіндірілді, - дейді Клара Серікбайқызы. 

Жалпы учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне комиссия мүшелерінің мәртебесі, сайлаушылар тізімімен жұмыс, дауыс беруге арналған бөлмені дайындау және тағы басқа мәселелер түсіндірілген. Сонымен қатар дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидаларын да учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне түсіндірілген болатын. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидаларына тоқталар болсақ, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 20-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және сайлау процесіне қатысушылардың өзін-өзі ұстау тәртібін белгілейді. Осы Қағидалар дауыс беруге арналған үй-жайдағы барлық адамдар үшін белгіленеді. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы (бұдан әрі - төраға) дауыс беруге арналған үй-жайда бір мезгілде болған сайлау процесіне қатысушылардың санын (сайлаушылар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, бір уақытта сайлау учаскесінде болған бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) өкілдерінің санын реттейді; тәртіпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерін бұзып, дауыс беруді өткізуге кедергі келтірген кез келген адамның ол жерден кетуін талап етуге хақылы.

Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысушылардың барлығы сайлау комиссиясының санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары мен нұсқауларын сақтайды. Ал сайлау комиссиясы дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскені ашуға кіріседі. Дауыс беру Конституциялық заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Сайлау бюллетеньдерін беру кезінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат сайлау комиссиясының мүшесіне ұсынылады. Сайлаушы тізімге енгізілмеген, дұрыс енгізілмеген немесе тізімнен шығарылған, сондай-ақ тізімде жаңсақтық жіберілгені анықталған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына тиісті жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Учаскелік сайлау комиссиясы бұл өтінішті дереу қарайды.

Сайлау учаскесінде сайлаушының өтініші бойынша азаматтың тіркеу орнын тексеру жөніндегі сервис ұйымдастырылады. Тексеруді сайлау комиссиясының уәкілетті мүшесі дереу жүзеге асырады. Дауыс беру күні сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және дауыс беруге арналған үй-жайда дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін бір мезгілде қатысуға құқылы:

1) партиялық тізімдерді ұсынған әрбір саяси партиядан сенім білдірілген адамның куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде сенім білдірілген бір-бір адамнан;

2) Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан (бұдан әрі - ұлттық байқаушылар), егер:

- байқаушының тегі, аты, әкесінің аты, сайлау учаскесінің нөмірі, қандай сайлауды байқауға уәкілетті екені көрсетілген, байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылған, қол қойылған жазбаша жолдама;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар;

- байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылған, қызметінің мақсаты азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға байланысты жарғы (ереже) немесе жарғыдан үзінді көшірме;

- байқаушының жазбаша жолдауына қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжат (жарғы, ереже) немесе одан үзінді, жіберуші ұйымның басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе өкімнен көшірме, ұйымның құжаттарына қол қою үшін сенімхат);

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат.

Байқаушыны сайлау учаскесіне жіберу үшін заңды тұлғаның қолданыстағы мәртебесі болуы тиіс, яғни оның қызметінің тоқтата тұрылмауы, оған қатысты тарату рәсімдерінің басталмауы тиіс.

Аршалы ауылдық округінің әкімі өз орнын сақтап қалды
Бір орынға 5 үміткер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу