Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ауыл әкімін сайлау оның ел алдындағы жауапкершілігін көтереді әрі халықтың билікке сенімін өсіреді. Қазіргі таңда Абай облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы өтуде. Бұл саяси науқан облыста жылбасынан бері тұрақты өткізіліп келеді. Соның бірі 30 маусымда Абай облысының Жарма ауданының Аршалы ауылдық округінде өтті.
- Ауылдық округ әкімдерін сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды бөлігінің бірі. Сондықтан, ауылдық округ әкімін сайлаудың нәтижесі аса маңызды. Жалпы қарапайым халықпен қарым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына өз үлесін қосатын осы ауылдық округтің әкімдері. Абай облысында жылы басынан бері бес-алты қайтара аудандарда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өткізілді. Соның ішінде Жарма ауданы Аршалы ауылдық округінде 30 маусымда өткен округ әкімінің сайлауы ұйымшылдықпен өткізілді. Жалпы округте сайлауға қатысатын кандидаттарды тіркеу барысында үміткер ретінде 3 кандидат тіркелген болатын. Аршалы ауылдық округі әкімі қызметіне тіркелген үш кандидаттың екеуі өзін-өзі ұсынса, бір кандидатты Amanat партиясы ұсынды. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1992 жылы туған Мәсәлім Ерғалиұлы Абдулин. Екіншісі, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1993 жылы туған Алмас Аманұлы Болатов болатын. Ал Amanat партиясы Аршалы округінің әкімі Мирлан Далелханұлы Қасымхановты қайта ұсынған еді, - дейді Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Жанат Есенжолова.
Қазақта «бап шаба ма, бақ шаба ма» деген сөз бар ғой. Ауылдық округ тұрғындары өз таңдауын 30 маусымда жасап, дауыс берді. Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Жанат Есенжолованың айтуынша, Аршалы ауылдық округінде өткен сайлау тартысты өтті. Ауыл халық таңғы
7:00-ден сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беріп, өз таңдауларын жасаған болатын. «Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарма ауданы, Аршалы ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын жариялады. Аршалы ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 219 азаматтың 183-і сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Дауыс санау барысында 2 жарамсыз бюллетень, 3 «Барлығына қарсы» деген жолға белгі соғылған Бюллетень анықталды. Ал кандидаттар арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Мәсәлім Ерғалийұлы Абдулин – 12, Алмас Аманұлы Болатов – 13, Мирлан Далелханұлы Касымханов – 153 сайлаушының дауысын жинаған. Сонымен, Аршалы ауылдық округінің әкімі болып округтің бұрынғы әкімі Мирлан Далелханұлы Касымханов қайта сайланды», - дейді Жанат Есенжолова.
- Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар сайлаушылардың сайлау процесіне тікелей араласуына, өз таңдауын жасауына және олардың жергілікті жерлерде атқарушы органдардың шешім қабылдау процестеріне қатысуға толық мүмкіндіктер береді. Бұндай оң өзгерістер өңірдегі саяси партиялармен қоғамдық ұйымдардың да жұмысын жандандыруға ықпал ететіндігі белгілі. Тағыда бір айта кететін мәселе, сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге әр түрлі тараптардан қатысатын байқаушылардың рөлі үлкен. Мәселен, бұған дейін ауданымызда өткен сайлаулар барысында көп тәжірбие жинақтадық. Жалпы сайлау туралы заңда сайлау учаскелерін сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергілікті және өзге жағдаяттар ескеріле отырып құру айқындалған. Бүгінгі күні, ауданда құрылған барлық сайлау учаскелері заң талаптарына сәйкестендірілген. Бұл учаскелердің барлығында сайлаушыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың учаскеге келіп дауыс беруіне толықтай жағдай жасалынған. Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған сәттен бастап дауыс беру күніне 30 күн қалғанға дейінгі мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Сайлау комиссиялары сайлаушылармен жұмыс істеуде жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің мүмкіндіктерін пайдалануда. Мысалы, кейінгі саяси науқандарда Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен азаматтарды сайлау туралы барынша құлақтандыру шаралары ұялы байланыс операторларымен СМС хабарламалар тарату арқылы жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, сайлауға дейін сайлаушылардың тізімін нақтылау шаралары әкімдіктерде құрылған колл-орталықтарда және дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларымен еgov.kz порталындағы онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың дауыс беруіне жағдайлар жасалуда, - дейді ол.
Қорыта айтқанда, сайлау қоғамдық саяси науқан болғандықтан, барлық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, байқаушылар мен сенімді өкілдер тарапынан үлкен бәсекелестік ахуал қалыптасуы шартты жағдай. Бұл, барлық дамыған елдерде өтіп жатқан сайлаулардың тәжірибесінде көрініс табатын құбылыстар. Сондықтан, қоғам ішіндегі кез келген тараптар өкілдеріне таңдау жасау құқығы шектелмеуі тиіс.