Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Жетісу облысында 21 шілдеге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы өткізу жоспарланған. Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Тимур Дәуітовтың айтуынша, сайлау облысының Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарының Суықсай, Сапақ пен Көктерек ауылдық округтерінде өткізілмек. Бүгінгі таңда бұл ауылдық округтер бойынша кандидаттар анықталып, тіркелген.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформа аясында үш жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. Осылайша, еліміздің көптеген елді мекендерінде баламалы негізде сайланған жаңа әкімдер жауапты қызметтеріне кіріс те кетті. Ал, биыл бұл демократиялық үрдістің қисынды жалғасы ретінде облысымызда ауыл әкімдерінің сайлауы қаңтар айынан бастап қайта басталып кеткен болатын. Бүгінгі таңда 21 шілдеге тағайындалған Ақсу ауданы Суықсай ауылдық округінің әкімі болу үшін 30 маусым күні 5 кандидат тіркеліп, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынып отыр. Арасында бір әйел бар. Бірінші болып тіркелген үміткердің есімі Қайрат Қанатұлы Саурықов. 1985 жылы туған ол «Адина» шаруа қожалығының жетекшісі. Екінші кандидат 1972 жылы дүниеге келген, «Айша бибі» аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жазира Ғылымханқызы Камолданова. Үшінші үміткер – 1996 жылы туған, Молалы ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы Ринат Александрович Воронцов. Төртінші үміткердің есімі Ержан Досмұратұлы Тогасов. 1993 жылы туған ол Ақсу аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді және спорт бөлімінің бас маманы. Соңғы кандидаттың есімі Ғалымжан Канатбекұлы Мерекенов. 1989 жылы дүниеге келген ол «Қазыбек» шаруа қожалығының жетекшісі. Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының айтуынша, бүгінгі күні сайлауға дайындық жұмыстары жалғасын табуда, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Тимур Дәуітов.
Округ бойынша сайлауға түсетін кандидаттар белгілі. Ендігі кезекте облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ондағы учаскелік сайлау комисиясымен жұмыс істеп, комиссия мүшелерін оқытып, біліктіліктерін шыңдауда. «Бұл сайлауды алдыңғы сайлаулар сияқты жауапкершілікпен өткізі күн тәртібінен түскен жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлаушыларды тіркеу, азаматтардың жауапкершілігі, сайлаушылардың тізімі, дауыс беру тәртібі бәрі-бәрі оқыту-семинары барысында айтылып, түсіндірілуде» дейді ол. Оның айтуынша сайлау талаптарына сай азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады. Жеке тұлғалардың тұрғылықты жерін тіркеу: олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), ішінара жалға алу шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын; оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздерде, сондай-ақ тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша тұрғын үйде тұру құқығын беретін құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Ал азаматтарды тіркеу: тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақүйлерде; демалыс үйлерінде, шипажайларда, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде; саяжай бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің тұрғын үй-жайларында; интернат-үйлерінде, тұрғын үйге ыңғайланған қызметтік ғимараттарда тұрақты тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
Сайлаушылардың тізімдері – Сайлауға қатысу үшін қажетті шарт сайлаушылар тізіміне сайлаушылардың енгізілуі болып табылады. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімдік жасайды. Сайлау тағайындалған сәттен бастап әрбір сайлаушы тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірілмей
Егер сізге сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіздің болмайтыны белгілі болса, сіз сол жердің әкімдігіне сайлау күні өзіңіз болатын жер бойынша сайлаушылар тізіміне сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз. Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда, тиісті әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады. Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады.
Сіз сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніңіз, дұрыс енгізілмегеніңіз немесе тізімнен алынып тасталғаныңыз, сондай-ақ тізімдегі сіз туралы деректерде жаңсақтықтар жіберілгені үшін шағым жасауға құқылысыз. Тізімдерге түзетулер енгізу қажеттігі туралы өтініштерді учаскелік сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.
Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде Сіз өзіңіздің болу орныңызды ауыстырған кезде өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінесіз, ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күні алдындағы күнгі жергілкіті уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады.
Дауыс беретін күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сізді келген орныңыз бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Дауыс беру сайлау күні, сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі. Сайлаушы өзі дауыс береді. Сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сізге сайлаушылар тізімінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігіңізді көрсеткен кезде беріледі. Сіз сайлаушылар тізімінде бюллетеньдерді алғандығыңыз туралы қол қоясыз. Сайлау бюллетеньдерін сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Оларды толтыру кезінде сізден басқа кімнің болса да, кіріп тұруына тыйым салынады. Егер сіздің бюллетеньдерді өз бетіңізше толтыруға мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда, өзіңіз сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылысыз, оның аты-жөні дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне тіркеліп, тұсына сіздің бюллетень алғандығыңыз туралы қолыңыз қойылады. «Ол сенетін адам сайлау комиссиясының мүшесі; жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы; кандидаттың немесе саяси партияның сенім білдірілген адамы; бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі - журналист; тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы болмауы керек» дейді Тимур Дәуітов.