Қатігез күйеуім көгерген нан жегізеді
Менің тұрмысқа шыққаныма 5-6 ай болды. Өзім араласып жүрген жігітке тұрмысқа шықтым. Басында бəрі жақсы еді. Біз үйленгенен кейін бір-екі аптадан бөлек шыққанбыз.
Оның тұрмыстан қайтып келген екі бірдей əпкесі бар екен. Ол жайлы жақ ашпаған-тын. Солардың кесірінен үйленгенімізге бір ай болмай-ақ күйеуіммен ұрыса бастадық. Ол мені кемісітіп, əр істе санасатын болды, қатындардың ісіне көп араласады.
Сосын ол майда сөзді қатты жақсы көреді. Бір нəрселер үшін ұрыс шығарып үйіне жеткізеді. Жеке дүниелерді ата-анасына айтқаны дұрыс емес қой. Олар әке-шешеме айтып, анамды уайымға салады. Өзін-өзі ұстауды білмейді. Əпкелеріне мені қарсы қойып, солармен ұрысқанымызды тамашалап отырады. Адамның ызасы келеді. Ақшаға сараңдығы сонша көгерген нан жегізеді. Көгерген нанды қоқысқа тастатқызбайды. Амал жоқ, оны жеуге мәжбүрміз. Тым сараң. Тұрмысқа шыққалы дұрыстап киінбедім де. Күйеуім киім дегенді бос ысырап деп түсінеді.
Жалпы күйеуімнің отбасы кедей тұрады екен. Кедей болғанда тым кедей. Мен оны тұрмысқа шыққанша білмей келіппін. Кедей болған соң ба, тиынға тісі сынған сараң. Тек күйеуім емес, ата-енем, қайын әпке-сіңлілерім де.
Күйеуім әрі қызғаншақ. Жұмыс істеп отырған жерімнен шығарып алды. Енді əр күні берген соқыр тиыны үшін зіркілдейді. Адамның жақсы көруі де, жек көруі де тез екен-ау. Ажырассам ба деймін. Не істесем болады?