Құдайдан жалбарынып сұраған ұлым шашымды ағартып жіберді

Oinet.kz 08-07-2024 2907

Саламатпысыңдар, айналайын, қарғаларым! Адамда ақыл болмаса, мың айтқанмен өз жолын өзі табам демесе, таба алмайды екен. Өзім талай жыл теміржол саласында жұмыс істеген апаларыңмын. Құдайға шүкір, үш қыз бір тентектеу ұлым бар. 

Screenshot_8.jpg

Өзі марқұм ата-енемнің қолында өскен еді. Бетіне ешкім келмеді. Бір дегені, екі болмай есер болып кетті. Міне, сол тентегімнің жайы алаңдатады.

Белі бесіктен шықпай жатып үйленді. Қазір, жұмыстан қысқарған. Өткенде құлағыма қыздар салған сырғаларымды банкке салып қоямын деп алып кетті. Үйде тұрса жоғалтарсыз дегеніне мен сендім. Сүйтсем, бұл тентек ұлым менің бар алтындарымды футболға бəске тігіпті. Оны өзі айтпайды. Айт деп, үйіндегі келінімді жіберіпті.

Дүние маған не керек? Қыздарым естісе, інілеріне ұрысар деумен тілімді тістеп жүрмін. Бəске дүние салу байдың ісі ғой. Бұл бала өтірікке əуес. Дүниенің парқын білмейді. Не істесе болады?

Ұлым мен келінім жиі ұрысатынды шығарды. Тіпті алтындай келінім кейде жылап қалып, кетем дейтінді шығарды. Ал ұлыма бәрібір. Бедірейіп теледидар көріп отыра береді. Мен зар илеп жүріп, келініме өлердегі сөзімді айтып алып қалып жатырмын. Бірақ бұл қашанға дейін жалғасатынын білмеймін. Ұлым дел-құл болып барады. Өмірде ештеңеге қызықпайды. Теледидар қарап, телефонына үңіліп, компьютерде ойын ойнап отырады. Жұмыс істеуге, іздеуге құлқы жоқ. Мейлі оны қоя берші, ақша тігетіні жанымды жегідей жеп барады. Қалтамды тінтіп бар ақшамды сыпырып алатын болды. Келіннің де ақшасын тартып алады. Тіпті келінімді ұратынды шығарыпты.

Құмар ойынға  ақша салып ойнау дегенді өз басым түсіне бермеймін. Біреулер үйіндегі барын салып, бәстесіп жатады екен. Біз заман ағымынан қалып қойдық па, сондайларды қанша түсінуге тырыссам да түсіне алар емеспін. Ұлымның да әрекеті іштей қынжылтады. Өзі жұмыссыз жүріп, құмар ойынға ақшса салып ойнау не керек? Қай жерде тәрбиесінен қателік жібердім?!

Шұға апаның хатынан

Ұлым мен келінім мені бөлектейді, дастарханда бірге отырмайды. Немерелерімді жолатпайды
Қатігез күйеуім көгерген нан жегізеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу