Өзбек шалдың жазасы ауыр болды

Oinet.kz 12-05-2024 3477

Шайхыслам атам жас бала кезінде  ағаларымен еріп Ташкенге кіре тартады екен. Кіре тарту деген, түйеге тұз артып, Тәшкенге апарып, шәй, басқа да заттарға айырбастайтын көрінеді. 

Screenshot_18.jpg

Бір жылдары тәшкенге ағалары әйелдерімен бірге көшіпті. Атам да бірге кеткен екен. Бір өзбектің қоржын тамын жалға алып сонда тұрып жатыпты. Азанда ағалары жұмысқа кеткенде, атам жеңгелерінің қасында үйде қалады екен. 

Содан, күз уақтысы болса керек, бір күні әлгі үйдің иесі, семіз өзбек есігінің алдында отырып алып, атамдар тұрған үйден көзін алмай қарап жатыпты. Жеңгелері шықса басын көтеріп қарап, бірдеңелер айтып қарқылдап күліп отырған семіз атамның әбден жынына тиіген ғой. Атам дәл қасына жетіп барып, қарқылдап күліп жатқан өзбектің бетіне бар пәрменімен түкіріп жіберіпті. Өзбек күлкісін сап тиып, орнынан домаланып зорға тұрып үйіне кіріп кетіпті. Содан сол семіз өзбекті ешкім көрмепті. Қыс өтіп көктем келіпті. Бір күні өзбектің есігінің алдына шүйкедей шал пайда болыпты.  Күншуаққа төсек салдырып кешке дейін ыңырсып жататын шалдың , былтырғы семіз өзбек екенін білгенде атам қатты таң қалыпты. 

Сөйтсе, атам бетіне түкіргенде, түкірігі әлгі шалдың тура таңдайына барып жабысып  қалған  екен ғой, содан жиіркеніп, өзбек ұшынып ауырған екен. Мұны естіген атам да, әдейі сол өзбек жатқан жаққа жүрсе, әлгі  байқұс басын бүркеп атамнан қорқады екен. Қасына барып, "ә,өзбек әкә  қазақтың қатындары қандай екен" десе әлгі сорлы еңіреп жылайтын көрінеді. Бұл оқиғаны естіген ағалары әбден күлкіге қарық болыпты.

3 жасар қызыммен далада қалғанымды көріп тұрып, нағашыларым үйіне кіргізбей қойды
Жездеме ессіз ғашықпын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу