3 жасар қызыммен далада қалғанымды көріп тұрып, нағашыларым үйіне кіргізбей қойды

Oinet.kz 12-05-2024 2599

Сәлеметсіздер ме? Астана қаласынан арзандау бір бөлмелі пәтер немесе жатақхана бөлмесін іздеймін. 3 күн болды 3 жасар қызыммен қаңғып далада жүрмін. Әкем жоқ, анам төркінінде тұрады.

Screenshot_17.jpg

Біз де кішкентайымыздан нағашыларымыздың қолында өскенбіз. Далбасалап кеше соларға барып ем, есіктерінен де сығалатпады. Анамның да бүйрегі бүлк етпеді. Бір нағашымның баласы осында тұратын, оған да бардым. "Сенің мінезіңді жақсы білеміз, өзіңе өзің тауып отырсың, байыңа құры" деп ол да қуып шықты. Тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды. 4 жылдан бері қит етсе, нағашыларым осылай деп маңдарына жолатпайды. Енем де, байым да төркінімде қадірім жоқ екенін біліп алып, әбден басыма шықты. 

Иә, қыз кезімде мінезім шатақтау болды. Онда да әкесіз өскесін өзімді қорғайын, ешкімді басындырмайын деп айбат шегетінмін. Бірақ қазір жынды емес шығармын, өзіммен өзім енем мен байыма барып атылатын.

Не баспанамыз жоқ, не жарыған киіміміз жоқ, жарытып ас та ішпейміз. Соны көріп тұрып күйеуім әр қаншыққа бір барып, тапқанын тапқандай шашып, үйге саусағын сорып келеді. Менің де денсаулығымды, жүйкемді құртып бітті.

Кеше саябақта отырып әбден ойландым, қайтып барсам да сол күнді сүріп жүре беремін. Қуып шықпас. Бірақ, жалғыз қызымды кішкене аяққа тұрып алсам одан жақсы баға аламын ғой деп ойлап бармадым. Содан паркте қондық қызым екеуміз.

Күйеуім мен енемнің мені қойшы кішкентай ғана туған қыздарын "қалай екен?" іздемегінен-ақ қандай адам екенін түсінген шығарсыздар. Сол егер пәтер, жатақхана болса, жазсаңыздар, қолжетімді болса, өзім жекеге шығамын.

Мәриям, Астана қаласы

Қайын атам зорламақшы болды
Өзбек шалдың жазасы ауыр болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу