Әйелімнің қорлығына шыдай алар емеспін. Өлгім келеді

Oinet.kz 12-05-2024 6031

Көп жерлерде байқағаным қыздар немесе тұрмыс құрған əйелдер өзінің өмірі жайлы, қайғы мұңын ақтарып ішіндегі сырын жазып жатады. Мен болса еркек басымен сіздермен бөліспекпін.

Screenshot_11.jpg

Есімім Жəшік. Жасым 40-тан асқан. Монғолияда туып-өстім, кейін Петропавл қаласына көшіп келдім. Содан бері бір байшыкештің қойын бағамын. Осыдан 10-шақты жыл бұрын қожайын өз қызын маған берді. Қызы менімен жасты еді. Мен қожайынның айтқанынан шыға алмай амалсыздан көндім. Себебі қыз өте көріксіз еді. Және ол осыған дейін екі рет есік көріп келген екен. Екі ұлы бар. Ең сорақысы, оның мінезі өте шайпау еді. Бір нəрсе болып қалса, ағаларына айтып қорқытады. Үйде мен ешкім емес секілдімін. Өзімді бір құл сезініп кетемін. Жəне мен əйеліме қарап мүлде сөйлей алмаймын.  Оның маған айтпаған сөзі қалмады. Əкемнің қойып кеткен есімін келеке етіп, мені әбден басында. "Əй шкаф, тірі өлік" деп шақырады. 

Кейбір кезде оңаша қалғанда еркек басыммен жылап аламын. Арасында ішетінім бар. Ішімде жиналып қалған ойларымен бөлісетін адамдарда аз. Мен ажырасқым келеді. Әйелім мені мүлде құрметтемейді. Мені әбден езіп тастады. 

Мен белсіз екем. Суықта қой бағып, тас жастанып жүргенде денсаулығымнан айрылыппын. Сол себепті еркектік парызымды да орындай алмайтын болдым. Əйелім маған тұрмысқа шыққан соң ойнастықпен тапқан тағы екі ұлы бар. Соңғы кездері ол ойнастығын жасырмайтын болды.

"Белсіз, қолыңнан не келеді, еркектің соры" деп мазақ қылады. Бұл өмірден Шаршап кеттім. Барар жерімде жоқ.

Жарқанаттың шығармашылығынан

Көршім ДЦП-мен ауыратын баласының көзінше азғындық жасамақ болды
Бай іздеп өліп тұрғаным жоқ, бірақ...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу