Көршім ДЦП-мен ауыратын баласының көзінше азғындық жасамақ болды

Oinet.kz 12-05-2024 2587

Менің жағдайымды отбасым біледі. Мен де 5 ші сынып оқып жүргенде зорлана жаздаған жанмын. Райондық жерде тұрдық бұрын, 5 қабатты үйлердің бірінде. Анам мұғалім, әкем заводта. 3 ағайындымыз. Мен үйдің кенжесі. 5 сынып оқимын. Барлығы сабақ пен жұмыста.

Screenshot_10.jpg

Сол күні үйдің кілтін алуға ұмытып кетіппін. Келсем үй жабық, анам ашық сабақ деп басы қатып нәр татпастан ерте кетті. Енді не істеймін. Есік алдында отырдым. Двор үлкен. Көп адам. Содан біздің астымызда тұратын көрші ағай бар, сол мусор төгіп келе жатыр екен, не істеп отырсың деп сұрады, мен айттым, жүр онда біздің үйге күт деді. Ойымда дым жоқ, бардым сонымен еріп. Енді күнде көріп жүрген адамың. Тамақ берді, аш шығарсың, сабақтан келдің деді. Сөйтіп тамақ су ішіп, диван да отырдым, прихожийда, сөйтіп отырып тамақ буыныма түсті ма қалғып кетіппін. Бір кезде сезем артқы жағымда бірдеңе жыбырлайды. Оянып кеттім, не істеп жатсыз деп сұрадым. Бір кезде ештеңе саған ол ұнайды, кел маған деп, үстімді шешіндіріп, мен әл бермей, бір кезде аузымды жауып залға көтеріп әкеліп зорламақ болды. Соның барлығы дцп баласының көзінше болған көрініс. Ұл баласы бар еді дцп, коляскада отыратын. Мен шынгырып жатырмын. Менің аузымды жауып ол әлек, тістеп алдым қолын. Ойып. Солай арпалысып жатқанда әйелі түсті үстімізден. Есігі английский замок еды. Жабылып қалады, кейін сырттан ашыла береді кілт пен

Көздері бакырайып абдырап тұрды. Мен жылап оған жармасып, сумкамды заттарымды алмай қаштым. Подъезд алдында тағы 1 көршім тұр екен, не болды деп сұрады дым айта алмадым. Жылай бердім. Сосын үйінде телефон бар, айттым учительскийге звонданызшы деп. Осылай деп мамамды шакыршы деп. Сүйтіп ол үйіне кіріп шығып кетіп айтты қазір мамаң келеді деп. Солай мамам келді, мен құшақтап жыладым. Сосын айттым барлығын. Мамам барып жанжал скандал шығарды. Соттатам деп, мамамың аяғына жығылды өзі де әйелі де, дцп баламыз бар деп. Мамам көнбеді. Ақыры көзіме корінбеңдер, кет көшіңдер деді.

Айтпағым, ешкімге сенбесін аналар!

Туысқа да, көршіге де, тумаға да. Ешкімнің үйіне қондырмасын, жібермесін. Өзімен барып өзімен келсін.

Мен пысық, өткір едім, содан кейін  қорқақ болып қалдым. Қараңғы болса қорқамын. Фобиям қараңғы подъезд, лифтіде жалғыз қалам бітті қорқамын.

Ағамның жолдас жігіттері нағыз құдайдан безгендер екен
Әйелімнің қорлығына шыдай алар емеспін. Өлгім келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу