Сол жолы айнаны сындырамын деп, өмірімнің күл-талқанын шығарды

Oinet.kz 17-10-2023 2512

Осыдан 4-5 жыл бұрын тұрмысқа шықтым, сүйген жігітіме. Дәстүр бойынша құда түсіп, үйімнен ұзатылдым. Барлық жасауымды ата-анам, ағайындарым алып берді. Ішінде жатын бөлмеге арналған жиһаз да болатын.

Screenshot_5.jpg

Ұзатылып барған күні заңды түрде некелесіп, күйеуім жақта той болды. Сол күні үйге бармадық, қалада қыдырып, әпкесінің үйінде жастар жағы қона салдық.

Тойдан шығып әпкесінің үйіне барғаннан кейін күйеуім маған "Сенің көңілің түспесін деп айтпаған едім, жатын бөлме жиһазының айналарын жүк түсірген кезде сындырып алыпты" деді. Мен шошып кеттім, бірден көңіліме алып қалдым. Бөлек-бөлек 4 айна, Бәрі бірдей сыныпты. Көңілім қатты түсіп кетті, жыларман болдым.

Өзім өте ырымшыл адаммын. Айна сынса бақытсыздық болады деп естігенмін. Қалайша сынды, жиһаз салонынан үйге әкеліп түсіргенде, одан үйден тиеп жүкті жібергенде сынбаған айна неге тура сол үйге барғанда сынды, басым қатты. Үйге барған құдаларға (менің анам, ағайындарым) "ертең ақ қондырып береміз айнаны, уайымдамаңыздар" деп сендіріпті қайын жұртым. Бірақ ол сөздері сол жерде қалды. Сол айнаны өзім жүкті болып, декреттік ақшамды алған соң қондырттым. Дәл кім сындырғаны менен жасырын қалды.

Бұл айнаның сынғанынан ба, алде басқа себептермен бе, мен бақытты бола алмадым. Жолдасым үйленгенімізден кейін 3 жылға жетпей қайтыс болды. Кішкентай ұлыммен қалдым.

Сол айнаны сындырғандары есіме түссе сол сындырған адамды білгім келеді. Менің бақытсыз болғаныма сол адам кінәлі сияқты. Жаным қиналады. Сіздер қалай ойлайсыздар? Айна сынған шынымен бақытсыздыққа әкеле ме?

Арайлым, Шымкент

alashainasy.kz

Жігітімнің белсіз екенін тым кеш білдім
Күйеуімнің бірінші әйелімен бірге тұруға шыдамым жетпей жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу