Жігітімнің белсіз екенін тым кеш білдім

Oinet.kz 17-10-2023 1145

Жаным қиналып, не істерімді білмей отырмын. Мен отбасын құрмаған 24 жастағы қызбын. Өзім мұғалім болып жұмыс істеймін. Менің айтайын деген мәселем өзімнің жүріп жүрген жігітіме қатысты.

Screenshot_4.jpg

Біздің кездесіп жүргенімізге үш жылдай болды. Осы уақытқа дейін қыз бен жігіт ретінде жақсы сыйласып жүрдік. Жақында ата-анасымен де таныстырған. Ал оның алдында осы қалада тұратын әпкесімен танысқанмын. Кейде ол кісілердің үйіне қонаққа да барып тұрамын. Жігітім екеуміз жақында үйленеміз деп шешкен соң осы жаз мезгілінде қосылып қойдық. Бұл туралы оның әпкесі де білді. Біз екеуміз де қызмет істейтін болған соң, біраз жағдайымызды түзеп алып той жасаймыз деп келсікенбіз. Сондықтан үйленуге асықпадық.

Бірде жігітімінің әпкесі маған: Екеуіңнің бірге болып жүргендеріңе біраз уақыт болды, бірақ сен көтермедің. Денсаулықтарың жақсы ма? Қазір көптеген жұптар балалы бола алмай жүр. Алдын ала тексеріліп алғандарың дұрыс қой» деді. Әлгі сөзден кейін мен расында да ойланып қалдым. Өйткені мен бала көтеруден сақтанған емеспін. Бірақ жүкті болмадым. Өзімді кінәлідей сезініп, біразға дейін біртүрлі болып жүрдім. Тіпті жігітімнен алыстап кеттім. Бірақ ол мені мазалаған жайтты сұрап, екеуміз сөйлестік.

Біраз уақыт өткеннен кейін екеуміз бірдей дәрігерге көріндік. Маған дәрігер 100 пайыз сау екенімді, бала көтеруге дайын екнімді айтқанда қуанышымда шек болмады. Жігітімнің денсаулығында кінәрат бар болып шықты. Ол бала сүю үшін ұзақ емделу керек, бірақ соның өзінде бала сүйе алу, алмауы екіталай екен. Бұл жағдайды естігенде жігітім қатты қапаланды. Ол маған үйленуден бас тартты. Ал әпкесі болса тіпті сенгісі келмеді. Бірақ ол кісі біздің дәрігер берген қағаздарымызды оқығаннан кейін сенді.

Мен жігітімді сүйемін, оны жалғыз қалдырғым келмейді. Қазір оның туыстары екеуміздің үйленгенімізді қалап отыр. Жігітімнің анасы біздің бала асырап алуымызды қалайды, Қайнағам бізге өзінің баласын беруге дайын. Бірақ менің басым қатып кетті. Бұған менің ата-анам не дейді. Менің де жасым келген сайын бала сүюді армандаймын. Отбасын құрсам, бақытты бола аламын ба?

Арайлым, Талдықорған

alashainasy.kz

Енем біздің жатын орнымызға таласып жүр
Сол жолы айнаны сындырамын деп, өмірімнің күл-талқанын шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу