Бұрынғы жігітіме көңілдес болдым

Oinet.kz 01-07-2023 5356

Мен ажырасқан әйелмін. Жасым 24-те. Менің бұрынғы, қыз кезімде жүрген жігітім қыс мезгілінде маған хабарласып, өзінің ажырасып кеткенін айтты. Сол уақыттан бастап ол маган көңіл бөле бастады.

Screenshot_11.jpg

Ол басқа қалада тұрады, ал біздің қалаға ісссапармен келген екен. Біз 3 ай жүрдік, 3 айдан кейін ол бір күнде жоғалып кетті.

Мен оны шамалы уақыт өткен соң тауып алдым. Ол өз әйелімен қайта қосылғанын айтты және тек бала үшін, ал әйелін сүймейтінің басып айтты. Солай біз қайтадан кездесе бастадық.

Соңғы кездесуден кейін ол бала-шағасын алып Алматыға кетіп қалды. Бір ай өткен соң өзімнің жүкті екенімді білдім. Оған хабарласып едім "өзің біл, жаным, дәл қазір мен ештеңе айта алмаймын" деді. Содан түсік жасатуыма тура келді.

Біз 3 ай жүргенде мен оған бауыр басып қалдым. Одан кете алмаған себебім де сол. Мен әйеліне болған жайды хабарлауды жөн көрдім! Олар мүлдем ажыраспаған болып шықты. Әйелі күйеуінің үнемі жүріс жасайтынын, бірақ ұстап алмаған соң мойындамайтынын айтты. Әйелі онымен өзінің бақытсыз екенін де жасырмады.

Қазір мен сол жігітпен байланысқаныма қатты өкінемін. Әйеліне хабарласып, бар шындықты айтқаным дұрыс болды ма, жоқ па, білмеймін, бірақ жеңілдеп қалдым.

Басқа қыз-келіншектерге айтарым, көңілдес болуға ешқашан келіспеңіздер.

Әйелдер де күйеуінің өзін алдап жүргенін білуі тиіс деп ойлаймын.

Аноним

Аlashainasy.kz

Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған жігіт өзін өртеп жіберді
Мені зорламақ болған өгей ағамды жездем жазалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу