Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған жігіт өзін өртеп жіберді

Oinet.kz 01-08-2023

Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін жағып жіберді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланған. Ол ызаға бой алдырып, үстіне бензин құйып, от қойып жіберген.

"Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр дейді.

10 жыл тату-тәтті тұрған күйеуіммен ажырасып кетуге мәжбүр болдым
Бұрынғы жігітіме көңілдес болдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу