Көршінің баласы кішкентай қызымды теуіп, талма кесел қылып қойды

Oinet.kz 28-06-2023 1928

Кішкентай кезімде ойын алаңшасында ойнап жүрген кезде мені бір бала аяқпен теуіп жоғарыдан құлатқан. Сол кезде басымнан соққы алған едім. Сол күні әкем әлгі баланың ата-анасынамен айқайласты. Бірақ заң бойынша оларға ешқандай шара қолданылмады. 

 Screenshot_4.jpg

Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Ол баланың үйінде анасы əкесіне шапылдап боқтап ұрысатын. Əкесі ашуланып қол көтеретін. Анасы аузынан балағат сөздер тастамайтын. Бұны көрген бала қыздарды қайдан қадірлейді. Жəне болашақ жарында құрметтеуді де біле ме? Əкесі қол көтерсе, мағанда болады екен деп ойлайды. Жалпы ол бала сондай əдеті болатын. Жəне олар бізге қарсы сотта ақша беріп жеңіп шықты. 

Мен талма кесел болып қалдым. Əкем сол күннен бастап қолы дірілдейтін. Ол жағдайдың өткеніне он жылдан асты. Əкем менің маңдайымнан сүйіп өзін кінəлайды. Көз жасын төгіп сол күнді еске алады. Бұрын білінбеуші еді басыма соққы алғаным. Уақыт өткен сайын қатты біліне бастады.  

Мен ол адамдарды кешірдім. Бірақ əкем өзін кешіре алмады. "Қызым мен саған дұрыс қарамадым. Аяғыңа кірген тікен менім мандайыма кірсін" деп жылайтын. 

Бұл өмірде адам бір-бірін жолықтырады, жер дөңгелек. Əкем мені кішкентай кезімнен бастап қатты жақсы көреді. Өмірі қолының ұшында тигізбеген. Бірақ əлі күнге дейін өзін кінәлі санайды. 

Білетінім, бұл өмірде зəбір көрген адамның дұғасы орындалады. Басымнан соққы алғанан кейін, он жыл өткесін мені тепкен ұлдың аяқсыз қалғанын естігенмін. Оны көшеде көлік қағып кетіп, үстінен басып өткен. Осыны əкем біліп қолының дірілдеуі тоқтаған. 

Құрметті ата аналар. Балаларымызды тəрибелей білейік.  

Жарқанаттың шығармашылығынан

Күйеуім жап-жақсы болса да, нашақор болғаны үшін тастап кеттім
3 жасар қызыммен далада қалғанымды көріп тұрып, нағашыларым үйіне кіргізбей қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу