Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кішкентай кезімде əкем бізді тастап кеткен. 5 сынып оқып жүрген кезде анам басқа біреуге тұрмысқа шықты. Кейін араларында екі ұлы болды. Яғни өгей екі інім.
Өгей əкем мені туған қызындай көрмеді. Көбінесе өзінің екі ұлын көп еркелететін. Мені шеттететін. Сол жүрегіме қатты бататын.
Тіпті үйде бір нəрсе дұрыс болмаса, маған жиі айғайлайтын. Анама айтып шағымдануға қауқарым жоқ. Екі ұлына сатып алып бергенін маған алып бермейтін. Маған мүлде көңіл бөлмейді. Анамның бағына кедергі болмау үшін, мен 11-ші сыныптан кейін ешқандай оқуға да түскен жоқпын. Артымнан қалмай жүрген бір жігіт бар еді. Мен мектеп бітіре сала оған тұрмысқа шықтым. Бір жағынан əкелік жылу көрмей өскесін ойланбастан тұрмыс құруым дұрыс шешім деп санадым.
Басында бəрі керемет еді. Үйленгенімізге бір жыл болмай көтеріп ұлымды аман-есен босандым. Ұлым бір жасқа келгенге отбасымыздың шырқы бұзыла бастады. Күйеуімнен өзгерістер байқалып, үйдің берекесін қашырды.
Күйеуім кейбір күндері не істеп не қойғанын білмей қалады. Келесі күні сұрасам, ешнəрсе есінде қалмайды. Кейін оның есірткі қолданып жүргенін білдім. Екі жыл бойы көрмеген қорлықты күйеуімнен көрдім. Ашуланса өзін-өзі ұстай алмай қалып ұрып-соғатын. Келесі күні аяғыма жығылып кешірім сұрайтын. Əрине мен қолдан келгенше кешіре білдім. Ұлым əлі кішкентай. Бірақ оның жаман əдеті қайтала беріп, мен шыдаймай одан кетіп қалдым. Ұлым екі жасқа келгенде қайда барарымды білмей көше жағалаумен жүрдім.
Қайыр сұрап кеткен кезім де болды. Күйеуім сол кезде артымнан іздеп келмеді. Менім қатты қиналғаным ешқасан есімнен кетпес. Ұлым үшін пана іздеумен болдым. Амалымның жоқтығынан мешітке барып молдаға барлық жағдайымды түсіндірдім.
Жұмысқа орналасайын десем, ұлым кішкентай. Көше жағалап жүруге де болмайды.
Арада 3 күн өткен кезде, бір бейтаныс əйел өз көмегін ұсынды. Кішігірім бір бөлме тауып берді. Азық-түлік пен керек-жарағымды əкеліп берді. Ол əйел мешітте беделді адам екені байқалды. Күндердің күндерінде мешіттен шамалы болса да көмек келіп тұратын болды. Əлгі көмектескен əйел маған қол ұшын беруін тоқтатқан жоқ. Есімі Рабиға еді. Рабиға апай отбасымен дінге берік, 4 бала-шағасы бар. Алайды мен ешкімге ауыртпашылық салғым келмейтін. Бар қолымнан келетін олар үшін шын жүректен дұға еді.
Пəтерде бір нəрсе қирап сынып қалса, Рабиға апай жолдасының таныстарын жіберетін. Бір күні пəтерде газ балон бітіп қалды. Сол кезде бір жас жігіт келіп ауыстырып берген еді. Өзі пысық екені көрінді. Жаратылысым əйел болғасын көзім түсіп кететін. Мені бұрыннан танитындай сөйлесе бастады. Қолдары жұмыс істесе, аузы сөйлеп тұратын. Бір күні өзінің банк картасы мен кілт сөзін жазып қалдырды.
"Өтініш, мына картаны қолдан. Өзім ақша салып тұрамын, қолданарсың" деп. Зымырап кетіп қалды. Өзі тез-тез сөйлейтін. Тағы бір күні арзандау телефон берді.
Келесі күні Рабиға апайдан барлығын сұрап алдым. Анау пысық жігіт туралы. Естуімше ол қарапайым отбасыдан шыққан, Рабиға апайдың жолдасының танысы екен. Өзі намаз оқиды. Есімі Бекет. Əлі үйленбеген.
Солай мен өз-өзіме келгендей болдым.
Бір айдан кейін мені басқа пəтерге көшірді. Ол пəтер қаланың бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Барлық қызықтың бəрі осы кезде басталды. Маған бейтаныс ер адам қоңырау шалып танысайықшы деп қоймады. Мен сөйлескім келмесе де. Жақында ғана күйеуімнен қорлық көріп, енді ғана құлағым тыныштала бастағанда. Ол күнде қоңырау шалатын. Бір күні айғайлап тастадым. Кейін білдім анау сумақай Бекет әзілдеп жатқанын.
Солай ол қайтпай менімен жақын араласқысы келді. Тіпті қатты айтып тастасамда, ренжу дегенді білмейтін.
Соңғы кезде оның келгенін көрсем ұялатын болдым. Ұлыма да қолынан келгенше көмек береді. Памперс пен ұсақ түйегін алып келетін.
Үш айдан кейін ол маған ұсыныс жасады. "Сен маған қатты ұнайсың, өтініш үйленейік" деп.
Ол жігіт менім басымнан өткен жағдайды да білетін. Мен оның жасаған өтінішінен үш рет бас тартсам да əлі соңымнан қалмай жүр.
Енді айтар сөзім. Аузы күйген үрлеп ішер. Осы жолы оған мүмкіндік бердім. Сүйем-күйем деген сөзді айтпасада, əрекетімен көрсете біледі. Осы жолы денсаулығымды қаратып жүрмін. Енді алдағы уақытта ол жігіттен қорлық көрмесем болды.
Жарқанаттың шығармашылығынан