Туған сіңлім ішкілікке салынып кетті, ішіп қана қойса жақсы ғой...

Oinet.kz 17-06-2023 5902

Айтсаң жамансың, айтпасаң надансың. Үйдегі сүт кенжеміздің қылығынан қажып біттік. Әжептәуір жасқа келсе де, тоғыз жасар қыздың ақылы жоқ. Адам ретінде айтқан ақылды құлағына ілмейді. Ауылдағы қолы бостармен қосылып, арақ ішіп жүреді. Арақ  ішкен адамда абырой қайдан болсын?!

Screenshot_9.jpg

Араққа құныққаны сонша бір жарты үшін үйдегі заттарды су тегінге сатуды шығарды. Бәрінен қиыны араққа ақша таппаса көзіне не түссе, бәрін айырбастайды. Өткен жолы анамның қайнатып қойған құртын дүкенге өткізіп жіберіп, бір жартылық алыпты. Одан бұрын теледидарды өткізіп жіберіпті. Кімге бергенін айтпайды. Көршілерден сұрасақ ешқайсысы көрмеген.

Ол ол ма, еркектермен  байланысып кез-келген жерде қонып қалатынды шығарды. Ешкімнің сөзін тыңдамайды. Тіпті «мұның не?» деп анам ақыл айтса, оған да қол көтеретінді шығарыпты. Өткен жолы үйге келсем, анам беті көгерген жылап отыр. Не болды? десек, сол сіңіліміз араққа ақша бермедің деп белбеумен ұрыпты.

Мен тұрмыстамын. Бір ағамыз Самарада тұрады. Үйде тек сіңлім мен анам ғана. Сіңлімнің жағдайы анау. Қартайған анама қарамақ тұрғай қол көтеруге барып жүр. Анамды қолымызға алайық деп ағам да, мен де сонша жалындық.Тыңдамайды.

«Қара шаңырақты тастап қайда барамын? Өлсем осы үйден өлігім шықсын»-дейді. Не істерімді білмей жүрмін. Анамды аяймын.

 Гүлзат, Талдықорған қаласы

12 жасымда туған әкемді өлтірдім
Жігітімді үйленуге қалай көндірсем екен?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу