12 жасымда туған әкемді өлтірдім

Oinet.kz 24-06-2023 4844

Есімді білетінім 2 жаста болған кезде де əкем мені қырсық мінезім үшін аямай ұратын. Менде қорғанатын қайбір жөнді күш бар дейсіз. Ұрғанда ұшып кетемін немесе желкемнен сүйреп басқа бөлмеге лақтырып жібергенде ағаш еденге құлап жататынмын. Сол кезде менде сұрақтар болатын. Не үшін мені ұрады жазықсыздан деп. 

Screenshot_5.jpg

Əкем көп ішетін. Анамда оған ұрысатын, "ішпе! Ертең немереңнің қызығын көре алмайсың, өліп қаласың" деп. Ол сөзді естіген əкем анамды да аямай ұратын. Əкемнің кесірінен екі қарындасымда шетінеп кетті. Яғни анамның құрсағында түсіп қалған. 

Əкем көбінесе көңілсіз жүретін. Мені көрсе болды көзіне жын көрінгендей айғайлайтын. Тіпті ашуланған кезде мені аямай ұратын. Адам құрлы да көрмейтін. Ішімдегі əкеме деген жек көрініш арта түсті. 

Болмайтын ұсақ-түйек үшін мен қыстың қақаған аязында далада тұрғанмын үйге кірмей. Əкем солай жазалайтын. Жерге жатқызып тепкілейтін. Басымнанда қаншама рет ұрған. Қолына кішкентай қайшыны саусақтарына кигізіп алып кастет секілді арқамнан ұрғанда мен екі күндей орнымнан тұра алмай жатқаным есімде. 

Анамды да көзін көгертіп қолдарын шығарып жіберген кездерде болған. Кемінде аптасына екі рет жазаланатынмын. 

12 жасқа дейін үйдің алдынан ешқайда шықпайтынмын. 10 жасымда көрші баламен үйден сəл алыс жерде ойнаған болатынмын. Кешкі алтыда үйге келгенде жарты сағат мені боксерлердің грушасы қылған шығар. Одан тыс маған айтпаған сөзі қалмады. Бүкіл боқ ауыз сөздердің барлығын естідім. 

Нақұрыс, есуас, мəжүн, шошқа, қыз теке, ешкімге керксіз, малдан төмен айтатын болсам өте көп. Бұл əшейін жұмсақтауы. Одан сорақысын жазатын болсам осы сайт ережелерін бұзғандай боламын. 

Əкем соңғы жылдары жұмыссыз үйде отыратын. Кезінде əскери дайындықтан мұғəлім болған. Анам ғана еден жуушы болып жұмыс істеді. Жұмысқа көзі көгеріп барған кездері көп болатын. Мектентен үйге келсем күнде кешкісін əкемнің айғайлап анамды аямай ұрғағанын көремін. Аузымды ашып əке қойсай десем болды меніде қоса итше тепкілейтін. Өмірімде бір рет ғана əкем мені еркелеткені есімде, 1 ші сыныпқа алғашқы қоңырауға үйде киініп дайындалған кезде еркелетті. Оның өзінде екі-үш минут. 

Шыдамныңда шегі бар. Соңғы жылдары əкем 100 грамдатып спирт ішетінде болды. Анам шағын ғана киоскаға саудагер болып орналасты. Мені ұрып анамның отырған жұмысына спирт əкел деп жұмсап жіберетін. Анам бермей қоятын. Соның себебінен мен мектепке де уақытында бармайтынмын. 12 жасқа дейін жұмсақтық жəне тəтті өмір деген не екенін білмей өстім. Соңғы жылдары Алладан тілейтін болдым əкемді алып кетші деп. Сол дұғамның орындалуына себепте жасадым. 9 ай ішінде үлкен жоспар құрып айлакерлік ойлап таптым. Амалсыздан əкемнің арам суына у қосып беруіме тура келді. 

Соңғы жылдары анамда қарсы келмей əкеме мə деп сұраған кезде ішімдігіне ақша беретін болды. 

Сол жылдары ішімдіктен бірнеше адамдар өлетін. Бір отбасы үйінен спиртке бір қоспа қосып сататын. Кейін əкеме дейін үш адам солардың спиртінен өлгенін естігем. Əдейі солардан барып алдым ешнəрсе білмегендей. Екі-үш күн өтпей əкем сол түні есін білмей жатып қалды. Келесі күні оянған жоқ. Анам жұмыстан келген, мені оянып кеттім, анам бірден мені таксафонға хабарласуымды өтінді. Мен сол кезде жүгіріп барып 03 ке хабарластым. Үйге келсем анам жылап отыр. Зертеу бойынша олар əкемнің өлі денесін басын ашып тексерді. Менім ешқандай кінəм жоқ. Мен сол күні бір жеңілдендім. 

Əлі күнге дейін басым кей кездері ауырады шыдатпай. Ешқандай антибиотик əсер етпейді. Мен жасқанып қалғанмын. Əкем дүниеден озғанан кейін мен қыран құстай еркіндікті сезіне білдім. 13 жасқа келгенде көшедегі балалармен де ойнайтын болдым. Бірақ мына əдет менде бойымда қалыптаса бастады. Мен үйленгенге дейін некексіз қыздардың қолынан ұстамауға жəне олардың көздеріне тік қараумауға тырысатынмын. Жəне бүкіл қарындас əпкелерімді құрметтейтін болдым. 12 жасқа дейін біз ешқандай туыстармен жақын араласпағанбыз. Қонақта күтпейтінбіз жəне бармайтынбыз. Жəне қалаған нəрсемде болмайтын. 

Ең қызығы бостандыққа шыққанымда бір ерекше сезіндім. Қасыма қыздар отырса болды қатты ұялатынмын. Олардың иісінде сезе білетінмін. Қолдан келгенше қадырлейтінмін. 

Түйін мынада. Анамның көрген қорлығын ешқандай əйел заты көргенін қаламаймын жəне өз əйеліме де жақсы өмір сыйлауға тырысамын. Ұл қыздарым сорлаған балалық шақ болғанын қаламаймын. Қазір отбасылымын. Бір қыз бір ұлым бар Алланың берген. 

Əйелімде мына сөзді маған айтатын. "Осы сен мыналарды босанған секілді сөйлейсің, мен ұрсам болды қарсы келесің" деп. 

Өзімді бір керемет мінсізбін демеймін. Бірақ рас анасы оларды көтенінен шапалақпен сабаған кезде мен ашуланаттынмын. Осы үлкен себеп болды. Қылмыс зерттеу бағытында қызмет атқаруым. Мен зорлық зомбылық тоқтату үшін бар қолымнан келгенін жасаймын.

Орыс тілінен аударған Жарқанат

Оған мен секілді сүмірейіп қалған жігіттер ұнайды екен
Туған сіңлім ішкілікке салынып кетті, ішіп қана қойса жақсы ғой...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу