Екі баласын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта сақтаған әйел ұсталды

Oinet.kz 23-06-2023 2196

Оңтүстік Корея елінің полициясы жаңа туған екі сәбиін өлтірді деп айып тағылып отырған әйелді қамауға алуға рұқсат сұрады. Күдікті шақалақтардың денесін бірнеше жыл бойы үйіндегі мұздатқышта сақтаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

30 жастағы әйел сәбилерін өлтіргенін мойындап, мұндай қадамға 12, 10 және 8 жастағы басқа үш баласын асырау үшін барғанын мәлімдеді. Екі шақалақ та тек бір күн ғана өмір сүрген.

Күдікті әйел 2018 жылдың қарашасында ауруханада босанған төртінші баласын тұншықтырып өлтіріп, оны мәйітін үйіндегі мұздатқышқа салып қойған. Сонымен қатар, 2019 жылдың қарашасында дүниеге келген бесінші баласының да өмірін дәл осылай қиған.

Полиция дерегінше, әйелдің күйеуі оның өз балаларын өлтіргені туралы білмегенін айтқан. Өйткені, күдікті жұбайына түсік жасатқанын айтқан.

21 маусымда полиция әйелдің үйіне тексеру жүргізді. Бұл уақытта күдікті өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Бүгін әйел өзін қамауға алуға рұқсат беру жөніндегі тыңдауға қатысуы тиіс.

Қыздарым әкелерімен ажырасқанымды қалайды
Бір жас қатын шалымның ақшасын сорып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу