Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мені ес біліп, етек жимай жатып танымайтын жерге алып қашып кеткен еді. Неге екенін еш махаббатсыз, еш қарсылықсыз сол үйде түтінін түтетіп қала бердім. Биыл отасқанымызға 16 жыл.
Шынымды айтсам, ешқандай махаббатсыз үйленген өте қиын екен. Сонша жыл тұрып, ұл-қыз тәрбиелер отырып енді ажырасуға бел буып отырмын. Неге сонша ұзақ уақыт шыдап келгенімді, өзімді де түсінбеймін.
Күйеуім өзі оқымаған. Табылса ауылдың кейбір қара жұмыстарын істейді. Ол болмаса үйде жатады бұратылып. Онымен қоймай күннен күнге қызғанышы құтырып бара жатыр. Жұмыстан келсем "кіммен болдың, қайдан келдің, ұрам, өлтірем, соям",- деп жағамнан алады. Жұмыста жүрсем видеомен хабарласып, 1-2 минут көтермей қалсам, жұмыста екен-ау демей балағаттап ит сілікпемді шығарады. Қыздарым да "Мама, біз қорқамыз, ертең өйстіп жүріп майып болсаң, қайтеміз? Есіміз барда елімізді табайық. Ажырасыңызшы" дейді.
Өткенде сотқа барып тұрып, арыз жазудан айнып қайтып келдім. Күйеуіме деген аяныш қана бар. Сол ұстап қалған сияқты. Бір жағынан 16 жыл бірге сонымен тұрғасын, онсыз өмірім оңа ма екен деп те ойлаймын. Бір шешімге келуім өте қиын болып тұр. Алдағы өмірімді елестетуге де қорқамын. Бірақ ажыраспасам болмайтын сияқты... Қалай ойлайсыздар?