Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында балдызы туған жездесін пышақтап өлтіріп тастаған, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
"Қайырлы күн! Екі күннен бері Бейнеу ауданынан бір қыз бала телефон шалып жылап жүр.
18 маусым күні тумаласы қайтыс болған, оны Бейнеуде туған балдызы достарымен келіп ұрып өлтірген. 1993 жылы туған Муканов Ерболат Саттығұлұлы туған балдызының қолынан қаза тапқан.
Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, келіншегімен ренжіскен, келіншегі үйден кетіп қалған, артынан тойда отырған інісін жіберген, інісі достарымен келіп ұрған видеоны далада ойнап жүрген балалар түсіріп алған.
Бейнеу Ауданы Полиция Бөлімі тергеушілері, істі бұрмаламаңдар! Видеода анық тұр ғой бірнеше жігіт ұрып жатқаны, қанішерлер бостандықта не істеп жүр? Бейнеу аудандық полициясының тергеушілері істі бұрмаласаңдар жауапқа тартыласыңдар!
Бейнеу Орталық Аудандық Ауруханасы қайтыс болған жігіт тірі келді деп справка берген Дәрігер мен Бас дәрігер сендерді жұмыстан шығартамын, ісім сендермен болсын!
Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті
Басшысы Полиция Генерал майоры Аян Дуйсембаев!
Осы істі қадағалауыңызды сұраймын, групповой ұрып соғып жігітті қасақана өлтірген бір топты бүгін қамауға алынуы керек деп есептеймін.
Төмендегі видеода бірнеше адам сабап жатқаны анық көрініп тұр!
Бұл істі өз бақылауыма алдым.
Ізгі ниетпен Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бибігүл Рамазан", - деп жазды Бибігүл Рамазан.