Туған інісің өліміне себепкер болған ағасы өз-өзін кешіре алмады

Oinet.kz 23-05-2023 4313

Тұрмысы төмен отбасында бес ағайынды  бала өмір сүріпті. Олардан ең  үлкені бесінші сыныпта оқитын еді. Балаларына сабаққа  кигізетін киім алуға шамалары келмегендіктен анасы өзінің гүлді көйлегін кесіп, шалбар тігіп беріпті. 

Screenshot_13.jpg

Мағжан осы гүлді шалбарды кигеніне бес жыл болса керек. Бір күні әкесі ұлдарына:  "сендерге шалбар алып берейін, ертеңнен бастап соны оқуға киіңдер, енді сендерді ешкім мазақтамайтын болады"- деп базарға бет алыпты. Бұны естіген балалардың қуанышыштарында шек жоқ. Ең кішкентайы Кенжетай ағасына: "аға шалбарыңыздың түсі қандай? Әкем аяқ киім де алып бере ме?"- деп сұрағын жаудыра бастады. Мағжан: "шалбарымның түсі қара, аяқ киімімнің түсі ақ болады. Оларды оқуға ғана киіп барамын"-деп жауап береді. Балалар әкесінің жолын күтіп есік алдында кешке дейін отырады. 

Бір уақытта  әкесінің келе жатқанын байқаған Кенжетай: "әкем келе жатыр, бізге шалбар алып келе жатыр"- деп айғай салды. Әкесі үйге кірместен екі ұлына шалбар мен аяқ киім береді. Кенжетай да: "әке маған жоқ па? Неге маған алмадыңыз? Мен де жаңа киім кигім келеді"-деп жылап бөлмесіне кіріп кетеді. 

Әкесі: "Құлыным, саған кейін алып беремін күте тұр жарай ма?"-деп жұбатып, мейірлене иіскеп бауырына басты. Кенжетай сол күні кешкі асын ішпей ұйықтап қалады. Ертесі ағасының қасына барып: "аға шалбарыңызды киіп көрсем бола ма? маған жарасатын шығар ә?"-деп ағасынан шалбарын сұрайды. Ағасы: "жоқ саған беруге болмайды. Кірлетесің, онымен қоса саған бұл шалбар үлкен ғой"-деп ұрысып тастайды. Кенжетай да: "Ағатай кірлетпеймін! Анау тұрған кілемнің үстіне балағын қайырып киіп көремін. Бес-ақ минут киемін"- деп жалынып тұрып алады. 

Ағасы: " Жә, ертең сабақтан келген соң киіп көр жарай ма?"-деп бес минутқа шалбарды киіп көруіне рұқсат береді. Кенжетай сол түні түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай шығады. Таң атпастан ағасының қасына келіп: "аға, бүгін шалбарды бересің ғой иә? Кеше маған сөз беріп едің"- деп ағасын ұйқыдан оятып жібереді. Ағасы: "Иә дедім ғой! Бүгін киесің."-деп бөлмеден шығарып жібереді. Ағасы оқуға кетіп бара жатқан уақытта Кенжетай: "Аға, мен сізді осы қашаның сыртында күтемін. Сіз алаңдамай сабағыңызды оқи беріңіз"-деп қашаның жанындағы тасқа отыра кетті...

Арадан үш сағат өткен соң, мектеп мүдірі сыныпқа кіріп келіп, мұғалімнің құлағына бір нәрсе деп сыбырлай бастағаны сол-ақ еді, бет әлпеті бозарып кетті. 

Мұғалім: "Мағжан, кітаптарыңды жинап үйіңе бара ғой, әкең шақырып жатыр"- деп сыныптан шығарып салды. 

Мағжан: "Кенжетай жылап әкемді мазалаған шығар. Сосын әкем де мені шақырып жатқан болу керек"- деп үйіне бет алады. Жолда адамдар да апыр топыр Мағжанның үйіне қарай жүріп барады. Мағжан аң-таң болып, "неге біздің үйге бәрі бара жатыр екен"-деп ойлап келе жатады. Күтемін деген інісі Кенжетай да қашаның жанында жоқ еді. Мағжан Кенжетайды әрі-бері қарап, үйге кіргені сол-ақ екен, әкесі мен анасының қатты жылап отырғанын көреді. Ішінен бір жамандық болғанын сезген Мағжан: "Әке, Ана неге жылап отырсыздар?! Кенжетай қайда?"-деп сұрай бастайды. Анасы мен Әкесі, Кенжетайды қашаның жанында отырған уақытында трактор қағып кеткенін Мағжанға айтады. Кенжетай сол жерде жан тапсырыпты.  Анасы: "Құлыным, қайда кеттің? Неге бізді тастап кеттің? Балапаным..."-деп қайғы жұтып жылайды...

Әкесі Кенжетайды қабірге қоярда: 

"Ей, Кенжетай мен сені қабірге емес, базарға шалбар алуға апаратын едім ғой? Кәнекей тұр"-деп айқайлап жылайды. Жақындары сабырға шақырып, жұбатады. Мағжан: "Кенжетай шалбарды киген жоқ қой, бір мәрте кисінші"-деп артынан жүгірді. Жақындары шалбарды енді кигізуге болмайтынын айтып, Мағжанды жұбатып жатты. Мағжан болса: "Інімді неге көміп жатсыңдар, шығарыңдар. Шалбарды Кенжетай кисін, мен кимей-ақ қояйын"-деп топырақты тырмалай бастапты. 

Ұзын сөздің қысқасы: Аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз. Бүгінгі адам, ертең топырақ. Бір үйде қанша жан барсың, бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң – тіріңде сыйлас. Өлген соң жыласпа. Тірі адамда мүмкіндік көп. Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Əр секундыңды қимастарыңа арна. Ешкім мəңгілік емес. Ыстық құшағыңда еркелет.

Құлдықта қойшы болып, кейін анамның қол астында істеген жанға тұрмысқа шыққым келеді
Маңғыстауда балдызы әпкесін ренжіткені үшін туған жездесін пышақтап өлтіріп тастаған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу