Анамның зейнетақысы қашан өзіне бұйырар екен

Oinet.kz 06-03-2023 2783

Ауылды жерге тəн нəрсе. Кəрі кісінің зейнетақысымен күн көру. Менің де інім сондай отбасылардың бірі. Енді қолында отырған соң ақшасын бергеніне қарсы емеспін. 

Screenshot_33.jpg

Тек қана, анамның үстін жарқыратып киіндірсе, тамағын дұрыстап берсе дейсің ғой. Анамның жағдайы басқа.

Анамның маңдай терісінің өтемін өзіне бұйыртпай отырған адамдарға не дейін? Үлкенге не қылса, алдына сол келеді дегенді ұмытқандарға не дей аламын?  Анамның ақшасын олардың жұмсағаны дұрыс па? Үстіндегі киімдері ескі. Ескі киімдерді кигізіп, анамның зейнетақысын алуға арланбай ма? Анамды қолыма алғым-ақ келеді. Үйім тар. Əрі ұлы тұрып, қызы қолына алыпты деген де жақсы сөз емес.

el24kz

Семейде мысықты өлтірген ер адам сотталды
Бойжеткен қыз кедей ата-анасынан ұялатынын, оларды жек көретінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу