Семейде мысықты өлтірген ер адам сотталды

Oinet.kz 06-04-2023 5601

Семейде ер адам мысықты ұрып өлтіргені үшін сотталды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Screenshot_29.jpg

“Түнде 26 жастағы ер адам темекі тарту үшін пәтерінен тұрғын үйдің кіреберісіне шыққан. Сол сәтте ол кіші дәретін жіберіп тұрған мысықты көрген. Ер адам оны кіреберістен далаға лақтырып жібермек болған. Алайда мысық қашып үлгерген. Осыған қарамастан семейлік тұрғын оны тауып алып, ұрып өлтірген”, - делінген Polisia.kz сайтында. 

Бұл жағдай кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін толық мойындады.

“Судьяның шешімімен ол 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Сотталған ер адам қала көшелерін қоқыстан тазалайды”, - делінген хабарламада. 

Абай облысы ҚАЖД Семей қаласының орталық ауданының пробация қызметі ер адамды жергілікті атқарушы органға жіберген, ол қазіргі уақытта қала көшелерін қоқыстан тазалауға кіріскен. 

Жеңгемді нала жібермеген сияқты
Анамның зейнетақысы қашан өзіне бұйырар екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу