Келіншегім тек қыз босана береді, ұлым жоқ

Oinet.kz 04-03-2023 7924

Биыл келіншегім Айнұр екеуміздің шаңырақ көтергенімізге тұп-тура 15 жыл болады екен. Құдайға шүкір, келіншегімнің мінезі өте жақсы. Осы 15 жылда әй дескен жоқпыз десем артық айтқандығым емес. Мен от болсам ол су болып, ол от болса мен су болып бір-бірімізді қолдап келеміз. Көбіне мен от боламын. Айнұр менің қас-қабағыма қарап, көңіліме қарап жүреді. Оған алғыстан басқа айтар ештеңем жоқ. 

Screenshot_10.jpg

Бірақ, Құдай адамды бірдеңеден қысып қояды ғой. Біздің ұл баламыз жоқ. Әйелім бірінен соң бірі 4 қыз босанды. Алғашқыда қуанатынмен. "Ханшайымым дүниеге келді" деп. Бірақ, үшінші жолы тағы қыз босанған соң ойланып қалдым. Төртіншісі қыз болғанда бізде ұл болуға мүмкіндік жоқ екенін түсіндім. Кейін 5-шісі, 6-шысы да қыз болатындай сезімдемін. Содан біз осы 4 қызбен тоқтайық деп шештік. 5-6 баланы асырауға шамамыз келмейді. Мен бюджеттік қызметкермін. Бір айлық табыстан басқа ештеңем жоқ. 

Кей кезде достарыммен отырып ішетінді шығардым. Күйіктен ғой. Әйеліммен ажырасып басқа келіншек алсам ба деген арам ойлар қылаң беріп қалады кейде. Достарыма қызығамын. Құлдыраңдап жүгіріп жүрген ұл балалары бар. Ұл балалары ізін жалғайды. Тегі өшіп кетпейді. Менде ізімді жалғар ұлым жоқтығы есіме түссе қатты қайғырамын. Кейін 4 қызымның бәрі ұядан ұшып, құтты жерлеріне қонар. Сонда қартайғанда кемпірім екеуміз қу бастарымыз сопайып қаламыз ба? Күйеубаланың қолына сыймайтынымыз бесенеден белгілі. 

Шіркін, келін жұмсап отырған қандай тамаша! Бірақ, бізге бұл бақ бұйырмаған екен. 

Бірақ, өкінбеймін. Құдайдың жазғаны осы шығар. Ең бастысы қыздарым өз теңдерін тауып, бақытты болып кетсе екен. 3 қызды өсіріп тәрбиелеген әке жұмаққа барады дейді емес пе? Осы сөз мені қанаттандырады. Қыз бала деген мейірімді ғой. Қартайғанда бізге қарайласып тұрар.

Әйпесе, 4-5 ұлы бар болса да қарттар үйін паналап жүрген қарияларды білеміз ғой. Құдай басқа салмасын! 

Еламанның хатынан, 

Ұзынағаш ауданы, 

Алаш айнасы

Мені күйеуім қалай керексіз заттай тастап кетті?
Намыссыз күйеуімнен шаршадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу