Намыссыз күйеуімнен ұяламын!

Oinet.kz 08-08-2020

Соңғы кездері өмірден түңіліп жүрмін. Өле қалайын десем, шиеттей 4 балам бар. Мен кетсем оларды кім бағады, кім жетілдіреді? Күйеуімнің түрі анау. Күні бойы үйде шалқасынан түсіп жатады да қояды. Ештеңе істемейді. Жұмыссыз.

Screenshot_1.jpg

Сіздерге түсінікті болу үшін әңгімені басынан бастайын. Біз Қайрат екеуміз 1 жылдай қыз-жігіт болып жүріп қосылдық. Ол кезде көзім махаббаттан тұманданып, Қайраттың кемшіліктерін онша байқамадым. Үйленгеннен кейік уақыт өте келе оның минустары көзіме бадырайып көріне бастады. Әрине, тек минусын айтып біржақты кетпейін. Плюстары да бар. Ішпейді, шекпейді. Құмар ойындар ойнамайды. Сұйық жүрісі жоқ. Адал. Бізді, отбасын жақсы көреді. Балажан. Бірақ, оның осынша жақсы қасиеттерін - жалқаулық құртып тұр. Біз үйленгенде 1 жылдай жұмыссыз жүрді. Бірақ, бастапқыда мен оған мән бермедім. Махаббаттың буы ғой. Күні бойы жанымда болғанға мәз болып жүре бердім. Бізді ата-енеміз асырап отырды. Арада 3-4 жыл өтіп қайын інім үйленген соң біз бөлек шықтық. Сол кезде күйеуімнің жұмыссыздығы шындап біліне бастады. Қалаға көшіп келгенбіз. Пәтер жалдау ақысын 1 жылдай ата-енем төлеп отырды. Азық-түлікпен де өздері қамтамасыз етті. Бірақ, біздің күнделікті жүріп-тұруымыз бар, өзімізге, 2 баламызға киім-кешек, басқа да алатын заттар бар, оған ақша таппай қиналдық. 

Күйеуім юстиция мамандығын бітірген. Бірақ, жұмысқа кірген жерінен 1-2 айдан соң шығып кете береді. Төзімсіз бе, әлде іске қыры жоқ па, білмеймін. Еш жерде ұзақ істемеді. Күйеуімнен қайран болмасын сезгесін, мен әупірімдеп жүріп бір мектепке психолог болып жұмысқа кіріп алдым. Бірақ, алатын жалақым мардымсыз. Сонда да болса отбасымызға аз да болса табыс. Мен жұмысқа кіргенде күйеуім намыстанып, ол да жұмыс іздей ме деп ойлап едім, қателесіппін. Әр айдың соңында жалақымды күтіп жататын болды. Менің жалақыма жоспар құратынды шығарды. Не деген намыссыз еді! Әйелінің жалақысына жармасу деген не сұмдық! 

Балаларым бірінен соң бірі өсіп келе жатыр. Үлкені биыл бастауыш сыныпты бітіреді. Кішісі балабақшаға барады. Әрине, бұның бәрін асырауға менің жалақым жетпесі белгілі. Осыны сезетін ата-енем бізге қаржы жіберіп тұрады. Өз төркінім де қонақтап келген сайын қалтама ақша қыстырып кетеді. Алмай намыстансам балаларыма береді. Бұны көрген күйеуімнің қуанып кететінін қайтерсіз! Ол әбден біреудің көмектескеніне үйреніп қалды. Құдды қайыршыдай. 

Балаларымның болашағын ойласам аза бойы қаза болады. Оларды қалай жетілдіреміз? Олар өскен сайын қажет ақшаның көлемі де өсіп барады. Күйеуімнің жасы 30-дан асып барады. 30-ға дейін орда бұзбаған күйеуім 40-та қамал ала қоятынына күдігім мол. Барлық жүк менде. Ата-енем қашанғы жүре береді? Оларда бір күні мәңгілік мекендеріне кетеді. Сол кезде не істейміз? 

Қазір қатты өкінемін. Күйеуіме ойланбай тұрмысқа шыққаныма. Қыздар, сіздерге берер кеңесім, жұмыс істемейтін жігіттен аулақ болыңыздар. Оларға үйленіп қор болып өтпеңіздер дегім келеді.

Гүлнұрдың хатынан, 

Қызылорда қаласы

Қартайып сұлулығынан айрылып бара жатқан әйелімнен ұяламын!
Келіншегім тек қыз босана береді. Ұлым жоқ


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×