Қартайып сұлулығынан айрылып бара жатқан әйелімнен ұяламын!

Oinet.kz 07-08-2020 8802

Анар екеуміз сүйіп қосылдық. Үйленер кезде мен оған: "сенен басқа ешкімге қарамаймын. Өмір бойы сені сүйіп өтемін" деп уәде бергем. Қазір ойласам, бұны бекер болыпты. 

Screenshot_1.jpg

Ол кезде біз жас едік. Жастық дегеннің өзі сұлулық екен ғой. Келіншегім өмір бойы осы сұлу қалпынан таймайтындай көрінді. Бірақ... 

Бүгінде біздің үйленгенімізге 15 жылдай болды. Құдайға шүкір, 2 қызымыз, 1 ұлымыз бар. Бақытты отбасымыз. Әрине, сырт көзге. Соңғы кездері мен өзімді бақытсыз сезініп жүрмін. Ұят та болса айтайын, келіншегім біраз қартайыңқырап шаршап қалған. Жүзін әжім торлап, бетінде жыра-жыра сызықтар пайда болды. Үйде көбінесе макияжсыз жүреді. Әйел адам макияж жасамаса қиын екен. Қыз кезіндегі сұлулығынан түк те қалмаған. Қолдарындағы тамырлары тарамданып, терілері салбырай бастаған. Мүсіні де құртылып кеткен. Сол себепті қазір жүрек құрғыр әйеліме онша тартпайды. Жалпы, бұны айтып жатқанын дұрыс емес шығар. 

Кейде әзілдеп "жас тоқал аламын" деп айтып қаламын. Сонда әйелім бұлқан-талқан болып ашуланады. Мені қызғананытын, өзгемен бөліскісі келмейтінін түсінемін. 

Бұрын біз алғаш үйленер кезде: "4 әйел алу деген не сұмдық?! Сүйіктіңе өмір бойы адал болып өту керек қой" деп ойлағам. Сөйтсем, қателесіппін. Әрине, әйелімнің мінезі өте жақсы. Менің ғана емес, ата-анамның көңілін тауып, үй шаруасын дөңгелетіп отыр. Балаларға да жақсы тәрбие беріп жатыр. Ол жағына дауым жоқ. Бірақ, еркек жүрегі бәрібір сұлулықты, жастықты, драйвты қалайды. Қазір мен сондай балаң сезімді қалап жүрмін. Біреуге ғашық болып, онымен тәтті кездерді өткізгім келеді. Қазіргі әйелімді көшеде жанымда ертіп жүруге ұялатын болыппын.

Әлдекімдер құсап көңілдес ұстап, әйелімнің көзіне шөп салғым келмейді. Ондайға жоқпын. Шариғат бойынша, некемді қидырып жас қызға үйленсем деген арманым бар. Сол кезде төрт құбылам түгелденетіндей көрінеді.  

Нұржанның хатынан, 

Меркі ауданы,

Алаш айнасы

Қатты толып кеткен әйелімнен ұяламын
Намыссыз күйеуімнен ұяламын!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу