Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен әйелім Әнелді сүйіп алдым. Ол кезде әйелім өте нәзік, ап-арық еді. "Қыз қылығымен сұлу" демекші, оның қылықтары мені баурап алды. Еркелей сөйлейтіні, көзін төңкеріп қылымси қарайтыны бәрі-бәрі басымды айналдырып тастады. Көзім тұманданып Әнелден басқа ешкімді көрмедім. Бар ойым сол қызда еді. Бәлкім, махаббат деген осы шығар? Ақыры, дегеніме жетіп Әнелді әйелім етіп алдым.
Басында бәрі жақсы еді. Екеуміз тату-тәтті тұрып жаттық. Махаббатқа мас болып, қызық кешіп жүрдік. Балаларымыз бірінің артынан бірі дүниеге келді. Барлық мәселе Әнел 2-ші баланы босанғаннан кейін басталды. Сол уақта оның бойында горманалды өзгерістер болды ма, білмеймін, әйтеуір қатты толып кетті. Бұрынғы қыз кездегі мүсіні жоқ. Алғаш отбасын құрған жылдары келіншегімнің салмағы 48-52 келі аралығында болса, екінші баласын босанғаннан кейін бірден 30 келіден артық қосып 85-ке бір-ақ шықты. Қазір оның қасында мен арық болып қалғанмын. Бұрын той-томалақтарға келіншегімді мақтанып ертіп барып жүрсем, енді ұялатын болдым. Тіпті, оның үйден шыққанын қаламаймын. Оны ешқайда ертіп барғым келмейді. Сырт көзге ұят.
Оған арықта деп талай ұрыстым. "Жүгір, диета ұста" дедім. Бірақ, Әнел 2-3 күн жүгіреді де қояды. Диетаны да ұстай алмай қойды. Ерік-жігері жетпеді. Өзін қамшылай алмады. Қашан көрсем, аузына бірдеңені тықпалайды да жүреді. Аза ма десем, күннен-күнге салмақ қосып, семіріп бара жатыр. Бұл қарқынмен кете берсе бір күні жарылатын шығар.
Шыдамын таусылайын деді. Кейде ескі фотоальбомды қарап отырып, екеуміздің тойда түскен фотоларымызға көзіміз түседі. Сол кездегі қылдырықтай Әнел мен қазіргі Әнелді салыстыруға келмейді. Қатты өзгерген. Адам деген бірден 30-40 келі салмақ қосуы мүмкін бе? Бәлкім, ол ауру шығар?
Басым қатып кетті. Қазір Әнелмен тұрғым келмейтінімді түсіндім. Онымен бірге бір төсекке жату мен үшін азапқа айналды. Айрылысып кетейін десем, қос ұлымды қимаймын. Не істесем болады? Ақыл қосыңыздаршы.
Асланның хатынан,
Тараз қаласы,