Әліпбидің жаңа нұсқасы көңілден шықты ма?
01-02-2021
Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Ақжолова Назым Қуандыққызы
Мерзімі: 24.02.2016ж Уақыты: 14.05. – 14.50.
Сыныбы: 5 «Б» Пән атауы: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар дауыссыз дыбыстардың түрлерін еркін ажыратып, фонетикалық талдауды меңгереді.
Кіріктірілген модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Дарынды оқушылармен жұмыс , АКТ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтастыру әдісі, Жұптық жұмыс, «Жигсо» әдісі, « Миға шабуыл » әдісі, « Жалғастыру » әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , ребус , постер, түрлі-түсті қаламдар, қазақ тілі оқулығы , бағалау парақшалары және қосымша материалдар.
Уақыт өлшемі |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Нәтижесі |
2 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу Сыныпты жағымды ахуалға келтіру:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім, Қымбат маған дана тілім, ар тілім. Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма, Ана тілім ардақ тұтар алтыным-дей отырып , сөз асылын ,тіл тазалығын сақтайтын келесі қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, оқушылар қазақ тілі сабағы екенін ұғынады және белсенді іс-әрекет жасайды. |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. |
7 мин. |
1-кезең . «Тау етегі » Үй тапсырмасын пысықтау: Топтағы оқушылардың білімдерін анықтау үшін үш топқа да өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын (жабық) және сұрақтарға дұрыс жауап беруін бақылаймын .
I топ 1.Фонетика саласы нені зерттейді ? 2.Термин сөздер дегеніміз не? 3.Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? II топ 1.Әріп дегеніміз не? 2.Дауыстылар жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? 3.Кәсіби сөздер дегеніміз не ? |
Топтағы оқушылар өзара сұрақтармен танысады және дұрыс жауап беруге тырысады.
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақтарды және ережелерді еске түсіреді.
|
Үй тапсырмасы бойынша білімдерін нақтылайды.
|
III топ 1.Қазақ тіліне тән неше әріп бар және оларды атап бер? 2.Қандай сөздер бас әріптермен жазылады? 3.Дауыстылар еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? Үй тапсырмасы бойынша дұрыс жауап берген топтарды ақ , сары және қызыл түсті гүлдермен бағалап отырамын. |
Топ басшылары жауап берген оқушыларды сағат тілімен бағалап отырады. | ||
5 мин.
5 мин. |
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын « Миға шабуыл » әдісі арқылы оқушыларға ребус шештіремін. Жұмбақты дұрыс шешу арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері айқындайды.
Жаңа сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, ң, қ, һ, й, ц, к, н, ш з, х,, ф, п,, р, л, д, ж, ч, с, м, т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар.
Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады. Оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты түсінгендерін білу мақсатында оларға жаңа сабаққа байланысты түрткі сұрақтарын қоямын.
|
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді және ізденеді.
Оқушылар жаңа сабақпен танысады және бастауышта алған білімдерімен қоса тиянақтайды.
Деңгейлеріне қарай түрткі сұрақтарға жауап береді және өздерінің жауаптарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтай алады.
|
Оқушы жауаптары арқылы жаңа сабақтың тақырыбы айқындалады. Келесі тапсырмаға мұқияттылық танытады. |
2 мин |
Оқушылардың өзара пікір алмасуын жүзеге асыру мақсатында және жаңа тақырыпқа байланысты «Үнділер», «Ұяңдар» , «Қатаңдар» деп жазылған қима қағаздар арқылы топтастырамын. Топтағы оқушылардың өзара байланысын қадағалаймын.
|
Ережеге сәйкес өз топтарына орналасады. |
Топқа бөліну әдісін үйренеді.
|
5 мин.
2 мин.
10 мин.
3 мин.
2 мин.
1мин.
1мин. |
2-кезең. « Тайғақ тас » « Жалғастыру » әдісі бойынша жаңа сабаққа байланысты жалпы топқа тапсырма беріледі. Кітаппен жұмыс . « ЖИГСО» әдісін пайдалана отырып, оқушылар оқулықтағы 265 - жаттығуды жазады және жұмбақтың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама береді.
1.Жаңада жоқ, 2. Тарақта бар, Ескіде бар. Шашта жоқ. Танада жоқ, Тамақта бар, Ешкіде бар. (к) Аста жоқ. (қ)
3.Ләззатта бар, 4.Жазуда бар, Жанатта жоқ. Сызуда жоқ. Азатта бар, Жылуда бар, Қанатта жоқ. (з) Қызуда жоқ (ж)
5.Нанда бар, 6.Өмірде жоқ, Етте жоқ. Өңірде бар. Айранда бар, Ауырда жоқ, Сүтте жоқ. (н) Жеңілде бар. (ң)
Берілген тапсырмны дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыларды топ басшысы бағалау парағына мұқият бағалап отырады.
Сергіту сәті: « Қамажай » биі
«Тайғақ тас» кезеңінен өткен топ келесі тапсырманы орындауға кіріседі.
3-кезең. «Сарқырама»
Оқушылар Сарқырамаға жету үшін берілген тапсырманы мұқияттылықпен тыңдап , топта бірлесе отырып жұмыс жасау керек. 271-жаттығу.Суреттер топтамасындағы 24-суретті зер салып қараңдар.Сонан соң мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
Әлемде талай қызық бар...
Америкадағы ең биік ағаш – секвоя. Үндістер бір секвояның діңін тесіп ,үлкен ойық – ұзындығы тоғыз метрлік тунель жасапты.Одан қазіргі жүк машиналары еркін өте алатындай екен.Ал басқа бір кәрі секвояның түбірі би алаңын жасауға жарапты. Мерекелерде оның үстінде шағын оркестр ойнап, 15 жұп бишінің шыр көбелек айналуына орын жетіпті.Ал сол сәтте алаңның шет-шетінде жиырма шақты көрермен биді тамашалап , еркін жайғасып отыра алады екен. Бразилия жерінде өсетін ғажайып ағаштың аты – сүтағаш. Кейде жергілікті тұрғындар оны - «сиырағаш» деп те атайды екен. Бұл ағашты «сауу» үшін қабығын тіліп жіберіп, тоса қойған ыдысыңа аппақ сұйық зат аға бастайды. Осынау ағаш шырынының түсі ғана емес , дәмі де сүтке өте ұқсас.
Топқа берілетін тапсырма:
1-топ Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.
2-топ Қазақстандағы көп кездесетін ағаш түрлерінің аттарын жазыңдар және бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
3-топ «Табиғат көркі – ағаш » деген тақырып бойынша шағын мәтін құраңдар.
Топтағы оқушыларға постер беріледі.
Оқушылар берілген тапсырмаларды постерге түсіріп, өз ойларын анық жеткізе білуге тырысады.
Мұғалім көшбасшы ретінде әр топтың жұмысын жіті бақылауда ұстайды.
Бағалау кезеңі.
4-кезең. «Тау шыңы» Оқушылар семантикалық картамен жұмыс жасайды.Жаңа тақырыпқа байланысты дауыссыз дыбыстарды толық меңгерсе, олардың « Тау шыңына » жеткендері.
Дыбыстар Қатаң Ұяң Үнді П ,ч + В, г + Р, л, м + Щ, х, ч + Ж, з, д + У + Ц + К , қ + Й , л + Ш , с + Сабақты қорытындылау. Үн --- қа --- яң ---- таң --- ді ---- ұ Үйге тапсырма: 264 - жаттығу. Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын – бір, ұяң дауыссыздардың астын – екі , үнді дауыссыздардың астын ирек сызықтармен сызыңдар. 269 – жаттығу. Берілген жұмбақтарды шешіңдер. Шешуі болатын сөздегі дыбыстарды талдаңдар.
Рефлексия. 1.Бүгінгі сабақ сені қаншалықты толғандырды? 2. Өз тарапыңнан қиындық туғызатын мәселелер бар ма? 3. Сабақ соңында қандай сезімде болдың? 4. Мұғалімге айтар ұсыныс- тілектерің.
|
Топ мүшелері өзара міндеттерін бөлісіп алып,жұмыс жасайды.
Жаттығуды жылдам, әрі дұрыс орындаған топтар топ басшы арқылы өздерін сағат тілімен бағалап отырады.
Дарынды және талантты оқушылар топ арасында өздерін көрсете біледі.
Жаттығу жасайды
Оқушылар әр тапсырманы қызығушылықпен орындайды.
Топтағы бір оқушы мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқиды. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды және «Сарқырамаға» жету үшін берілген тапсырманы дұрыс орындауға тырысады.
Әр топ өзіне берілген тапсырманы мұқият орындауға тырысады.
Оқушылар семантикалық картамен жұмыс жасау арқылы өз білімдерін тексереді.
Топта белсенді жұмыс жасайды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. |
Өз қателерімен жұмыс жасайды.
Сабаққа деген қызығушылықтары арта түседі.
Бойлары сергиді
Тапсырманы орындау үшін мәтінмен танысады.
Топ ережесін сақтай отырып , бірлесе жұмыс жасай алады.
Түрлі тапсырмаларды орындауға дағдыланады.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дами түседі.
Өз ойларын ашық жазып жеткізе алады. |