Сабақ жоспары: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Oinet.kz 03-10-2020 1438

Қазақ тілі 8сынып. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

 


Күні: 19.01

Сабақ  1

Сабақ тақырыбы:

Ыңғайлас   салалас құрмалас сөйлем.

Жалпы мақсаты:

 

- жеке және жұппен жұмыс жасауға, топпен өз білімдеріне  байланысты постер жасауға,   қорғауға, салалас құрмалас сөйлемдерді   анықтауға, екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлем жасауға, схема бойынша құрмалас   сөйлем құрастыруға үйрету.

-пәнге деген қызығушылығын    арттыру;

Күтілетін нәтиже:

 

Оқушылар   біледі:

-постер   жасауға үйренеді;

 -алдында алған лексикалық және грамматикалық   білімдерін пайдалануға үйренеді;

-жеке,топпен,   топпен ауысып, жұппен  жұмыс жасауға   үйренеді; 

 


 А

В

С


оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық біледі,   жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастырады, анықтама, ұғымдарды түсінеді, тілдік   нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап береді , қосымша материалдар   қолдана алады.

ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей   алады

Алған білімдерін   қолданып, тірек-сызбалармен жұмыс жасай алады;

 

Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, қатесін тауып, өз бетімен жұмыс жасауға   ынталанды.

ой-пікірлерді талдай өз бетімен алмайды , жауап беріде   мұғалімнің көмегіне сүйенеді

Сабақ түрі:

 

Жаңа   материалмен таныстыру;

Тапсырма:

 

 Флипчарт жасау, фронталды сұрау, жұппен, топпен жұмыс.

Көрнекілігі:

 

Экран ,   видеопроектор, компьютер, плакат, маркер,стикер, қарындаштар.

Сабақ барысы: 

Сабақ кезеңі:

 

Мұғалімнің қызметі:

 

Оқушының қызметі:

Ұйымдастыру кезеңі:1 мин

1.Ұйымдастыру Ал бүгінгі сабағымыз «Білім керуені» деп аталады және сол қалыпта жүргізіледі,   балалар біз білім ордасына   қарай саяхат жасайық!Біз бүгінгі сабағымызда екі топқа бөлінеміз.

      ҚЫРАН,   СҰҢҚАР, ТҰЛПАР

Дұрыс, сонымен бізде пайда болған өздер (қыран, сұңқар, тұлпар) ендеше   қазір біз 3 топқа бөлінеміз.

1 топ Қыран

2 топ Сұңқар

3 топ Тұлпар

 

        Қай топ өздерінің қабілеттерін жоғары сатыда көрсете   алады екен.

Қане, байқап көрейік!

   Алдымен үйден шығу үшін алдымызда мынандай кедергілер   бар екен. Сол кедергіден  өтіп көрейік.

сабағымыздың қонақтары, сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі   келеді.

2.Психологиялық дайындық. сабақтың ережесі:

n  Белсенді қатысу

n  Тыныштық сақтау

n  Бірін-бірі тыңдау

n  Ойын ашық айту

n  Бір-бірін сынамау

n    Ынтымақтылық

 

 

Өзін- өзі реттеу. Балалар жауап береді.

Зымыран   сұрақтар

 5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕСТ ТАПСЫР

МАСЫ   

 

 

 

 

1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

 2. Салаластың   құрамындағы жай сөйлемдер байланысатын жалғаулықты шылауларды атаңыз

3.«Шахаң   сыңғырлаған әдемі даусымен «Мақпал қараны» бастады, өзгеміз еріксіз қосылып   кеттік» мына сөйлем жай сөйлем бе, әлде құрмалас сөйлемге жатады ма? Жасалу   жолын түсіндіріңіз.

 4. Ыңғайлас салалас   сөйлемнің  ережесі

5.Салалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

 6.. Құрмалас   сөйлем өзара қандай түрлерге бөлінеді және оларды бір-бірінен қандай   белгілеріне қарап ажыратамыз?

7. Жай сөйлемдердің   арасында бір –ақ рет қолданатын жалғаулық шылау

«Әдемі құстар». Енді балалар автобуста келе жатырып, алдымыздан ұшып   бара жатқан құсты көреміз. Білім ордасына жету үшін біз бұл кедергіден де   өтуіміз қажет.

 

 

 

 

Сәйкестендіру тесті

 1.Бірде, біресе, кейде                         Ыңғайлас мәнді

       2.Я, яки, әйтпесе                            Кезектес мәнді

3.Бірақ, сонда да, әйтсе   де                 Қарсылықты мәнді

4.Да,де,та,те, және                                        Талғаулы  мәнді

5.Сондықтан, сол себепті,

себебі, өйткені                                        Себеп-салдар мәнді

Алдымызда   тағы да кедергі бар екен балалар. Гүлдегі торғайлар бұдан енді қалай   өтеміз?Дайынбыз ба?

                       ТЕСТ

 

1.Салалас құрмалас   сөйлемді тап.

а) Айгүл аттан түсіп   еді, су қайта таязданып қалғандай екен

в) Айтушы ақылды   болса, тыңдаушы дана болар

с) Сабыр сақтасаң   қайтер еді, ә ?

д) Баланы жаман   үйретпеу керек

2.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемде  қандай ойды білдіретінің анықта.

а/Біріндегі ой екіншідегі ойға қарсы болады

в/Біріндегі ой екіншідегі  ойдың себеп-салдарын білдіреді

с/Бірінде айтылған ой екіншіде айтылған  оймен мезгілдес, ыңғайлас бағытта болады+

д/Біріндегі ой екіншідегі ойды түсіндіреді.

3.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.

В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.

С) Ізденіс түбі- жеңіс.

Д) Танк өз- өзінен жұлқынып қалғандай болды да,   гүрс етіп шаң- топырақ бұрқ ете қалды.

4.Ыңғайлас салаласты табыңыз

А) Көк байрақта дала қыраны,алтын күн және   ұлттық өрнек бейнеленген.

В) Аттылар келе жатып ,жол екіге айрылғанын   көрді.

С) Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті.

Д) Ер жолдасы-тәуекел.

5.Жалғаулықсыз Ыңғайлас салаласты табыңыз

А) Маған ойыншық берді,ағама доп берді.

В) Далада жел соғып тұр, әрі  жаңбыр жауып тұр.

С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты   тазартады.

Д) Қоңырау да соғылды, балалар да сыныптарына кірді.

6.Ыңғайлас   салалас болмайтын қатарды анықта.

А) Айсұлудың күші де жетеді,ақылы да жетеді.

В) Тыңдап отырды да, өз байлауын айтты.

С) От жағылып еді, үйдің ішін жылылық жайлады.

Д) Иығын тікен жыртса да, тоқтаған жоқ.

1. а  2. С.  3.д    4.а  5.а  6.д

 

 

 

 

 

 

Балалар  есте сақтауға   тырысады,  есте қалғанды  жазып алады, сөйлем құрастырады.Жеке жұмыс.   Жұппен бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

.Сұрақтарға жауап   бере отырып, өз пікірлерін білдіру.

2.Дәптерге   тақырыпты жазу.

3.Жаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп,   мысалдар келтіру.

 

 

 

 

Негізгі бөлім

«Жол көлігі».

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5мин

 

 

 Ойлан тап

 

 

«Жол көлігі». Келесі   біздің алдымызда  қандай кедергі   тұрғанын көрейік. Енді алдымызда    келе  жатқан көлікті көреміз, ол   бізге жол берер емес. Ол үшін енді оның шартын орындауымыз керек,  тапқырлықтарыңды байқап көрейік.

1-топ

Көшбасшының сөйлеу мәдениеті де жоғары болуы   тиіс,------------------------------

Көшбасшы күнделікті жаңалықтардан да хабардар болуы   керек,--------------------

2-топ

Топтың   табысты еңбек етуі де көшбасшыға байланысты, ------------------------

Көшбасшы   болу үшін қабілет те керек, -------------------------------------------------

3- топ

Көңіл көтеру   шараларын да жүзеге асырыңыз, -------------------------------------- .

 

Өзіңізге   деген сеніміңіз әрі мықты болсын, ------------------------------------------

Сөйлемдердің екінші сыңарын   тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Берілген ыңғайлас салалас   құрмалас сөйлемдерді екінші қатардан сыңарын табыңыздар.

Көшбасшы- әрі топты   бастаушы,                                сөйлеген сөзі де ұнады.

 Адамдармен   тез тіл табыса да кетеді,                       нақты шешімге де келу.

 Кәсіпкерлік – іске   кірісіп те кету,                                 үйіне қайтты

 Басшының өзін ұстауы да   ұнады,        әрі жол көрсетуші

Жұмыс күні аяқталды,     бәрімен бірдей қарым–қатынаста.

Синтаксистік   талдау

1топ .Еңбек ерлікке жеткізер,Ерлік елдікке жеткізер.
  Менде әрі документ  жоқ, әрі бармақшы   болған үйлердің адресі жоқ.

 

2топ .Ел жасымен көрікті,

   Тау тасымен көрікті.

 

 3 топ . Тұз астың дәмін келтіреді,

               Мақал сөздің сәнін   келтіреді.

 

 

Балалар 3топқа бөлінеді.Бірге ойланып, жұмыс жасайды, бір бірінің   жұмыстарын бағалайды, флипчарттарын қорғайды

Топпен бағалайды.

 

 

 

 

Дәптерлеріне жазады.Формативті   бағалайды /шапалақ/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бір- бірін бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

лау:

2мин

Рефлексия:

1 мин

2мин

 

 

Қорытынды.

 «Ыңғайлас   салалас құрмалас сөйлем» бойынша ассоциялық карта құрғызу.

Бағалау

Балалар стикерда  кері   байланысты  жазып береді.

 

 

Ү/т жазып алады.

 









Сабақ жоспары: Зат есімнің септелуі
Сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу