Сабақ жоспары: Зат есімнің септелуі
Түркістан қаласы, Шыпан жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергешова Сабахат Камалиддиновна
Тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Мақсаттары:
а) Зат есімдердің септелуі туралы түсінік беру, сөздерді септей білуге үйрету;
ә) Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту;
б) Эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, өнерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайд,интербелсенді тақта, суреттер, үлестірмелер
Сабақ түрі: Дамытушылық сабақ
Сабақ әдісі: Ой қозғау, сұрақ- жауап, жаттығу жұмысы, ойын
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар суреттерді таңдау арқылы топқа бөлініп отырады.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп алайық.
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі -қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Үй тапсырмасын сұрау:
а ) Зат есімнің тәуелденуі
ә ) «Бал арасы» ойынын ойнау арқылы өткен сабақты пысықтау;
90 |
1.з,ж,л,м,н,ң дыбыстарынан кейін қай жалғау жалғанады? ( -дар, -дер)
2. ҚР ның президенті ( Н. Назарбаев)
3.- м, -мыз, -міз нешінші жақтың жалғаулары (І жақ)
4 . Қазақ тілінде 4 жақ бар ма?(жоқ)
5.п, к, қ, т қатаң дауыссыз дыыстардан соң қай жалғау жалғанады? ( -тар, -тер)
6. Жас кезінде балаға аталатын мал атауы? (бәсіре)
7. Үш тәтті не?(Мал, жан ,жар)
8. Үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
9.Бір жылда неше мезгіл бар? (Төрт)
Жаңа сабақ мазмұны:
Тақырыпты ашу:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1.Екі кісінің сөйлеуі (диалог)
2. Күні-түні дем алмай жүретін не? (Ай мен күн)
3. Бұл дүниеде де, ол дүниеде де өсетін ағаш?(құрма)
4.Әдебиет нешеге бөлінеді? (ауызша және жазба)
5.Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам? (құрт)
6. Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
7. Бөбек қорының президенті?( С.Назарбаева)
Тақтада ілінген сұраққа жауап беру арқылы не? сұрағына жауап беретін зат есім (гүл) ашылады. Гүл сөзін септіктерге қойып септеу керек.Яғни бүгін біз зат есімнің септелуі жайлы әңгімелесеміз.
Жаңа тақырып: Зат есімнің септелуі
Септіктер | Сұрақтар | Мысалдар |
Атау | Кім? Не? | Қалам |
Ілік | Кімнің ? Ненің? | Қаламның |
Барыс | Кімге? Неге? Қайда? | Қаламға |
Табыс | Кімді? Нені? | Қаламды |
Жатыс | Кімде? Неде? Қайда? | Қаламда |
Шығыс | Кімден? Неден? Қайдан? | Қаламнан |
Көмектес | Кіммен? Немен? Қалай? | Қаламмен |
Сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратан қосымшалар септік жалғаулары. Зат есімдердің осы жалғауларды қабылдап, өзгеруі олардың септелуі немесе зат есімдерді септеу деп аталады.
«Ойнаймыз да, ойлаймыз » ойыны. Допты лақтыру арқылы тәуелденген зат есімдерді септеу.
Үлгі:
А.с.Апам
І.с. Апамның
Б.с. Апамға
Т.с. Апамды
Ж.с.Апамда
Ш.с. Апамнан
К.с. Апаммен
Оқулықпен жұмыс:
Дәптерге орындау.
Интербелсенді тақтамен жұмыс:
33- жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің астын сызыңдар.
34-жаттығу. Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді тауып, талдаңдар. Септелген сөздерді ретімен көшіріп жазыңдар.
Жаңа сабақты пысықтау:
а )Қазақ халқында жеті киелі сан болып есептеледі. Сондықтан жетіге байланысты сөздер айтамыз.
Жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті жұлдыз, жеті қарақшы, жеті жарғы, т.б,
ә ) «Орнын тап!» ойыны арқылы септелген ағаш, үй сөздерін сұрақтарына қарай орнына қою.
Үйге тапсырма беру:Үйге тапсырма беру: 37-жаттығу
Бағалау: