Рулас жігітке тұрмысқа шыққан қыздың оқиғасы

Oinet.kz 01-06-2022 4304

Мен ауыл мектебінде 30 жыл ұстаз болып жұмыс істеп келем. Осыдан 18 жыл бұрын мен 11-сыныпқа жетекшілік еттім. Сыныбымдағы Ақерке деген оқушым мектеп бітірген соң, өзінен 3 жас үлкен армиядан келген жігітіне тұрмысқа шықпақшы болды. Бақтияр мен Ақерке бір рудың балалары болып шықты.

Screenshot_6.jpg

Одан қалса, екеуі өзара қыз алыспайтын елден болған соң, олардың ата-анасы үйлендіруге қарсы болды. Бірақ, соған қарамастан, екеуі үйленетін болды.

Ақеркенің ата-анасы қыздарын қалаға жібермекші болған еді, жастар жақындасып, қыздың аяғы ауырлап қалды. Сөйтіп, екеуі үйленді.

Бүкіл ауылға масқара, шу болған тойдан кейін екеуі қалаға кетті. Ата-аналары балаларына барып тұратын, бірақ ол екеуі туралы ауылда еш хабар болмады.

Шамамен 3,5-4 жылдан кейін екеуі ауылға келіп, ресми түрде ажырасты. Себебі, екеуінің отбасылық өмірі бақытсыз болған. Тұңғыштары дүниеге келген күннің ертесі-ақ шетінеп кеткен.

Айтуларынша, баланың ішкі органдары дамымай туылған. Кейін көтерген бөпесі аман-есен дүниеге келгенмен, оның құлағы естімейді екен. Балаға 4 ай толғанда құлағына шипасын берсін деп дәрі еккен сол кері әсер беріп, бала өлген.

Одан кейін 2-3 рет көтерсе керек, балалары түсіп қала беретін. Сөйтіп, Ақеркенің денсаулығы нашарлап, дәрігерлер ота жасап, әйтеуір, жатырын алып қалған. Ем-домын жасасын деп тәуіп-балгерлерге барса, олар бір атаның балалары екенін айтып, екеуі екі жаққа кету керектігін айтқан.

Ақеркенін айтуы бойынша, олар бір-бірін құлай сүйгенмен, балаға зар болып, осыдан үйлерінен ұрыс кетпеген. Берекелі отбасы болмайтындарын түсініп, екеуі ажырасты.

Ақерке оқуға түсемін деп Алматыға кетті, ал Бақтияр ауылда қалып, екі жылдан кейін баласы бар көрші ауылдағы келіншекке үйленді.

Ақерке оқуын сырттай оқып, ол да тұрмыс құрды. Бүгінде екеуі өз теңдерін тауып, балалы-шағалы болып, бақытты өмір сүріп жатыр.

Айтайын дегенім, ата жолын сақтамай, жеті атаға толмай тұрмыс құру дұрыс емес. Ол жақсылыққа апармайды. "Жігітім ағам болып шықты" деген оқиғаның авторына айтарым, ақылға сал, болашағыңа алаңдасаң, ата жолды аттама, ата-анаңның тілін ал. Болашақта бағың ашылсын деп тілеймін.

Базаркүл Болатжанқызы, Оңтүстік Қазақстан облысынан

alashainasy.kz

6 баласы бар отбасылы еркекпен көңіл қостым
Ол мені екі балам бар болса да алам дейді. Бірақ анасы қарсы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу