Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
22-10-2020
Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу - тотықсыздану реакциялары
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу - тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу - тотықсыздану реакциясын электрон - баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп - салдарлы байланыстарды табу, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
б) тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
IІІ. Жаңа сабақты оқыту:
Валенттік электрондары электртерістігі кіші атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу - тотықсыздану реакциялары деп аталады.
Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады. Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.
Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шарты заряды тотығу дәрежесі деп аталады.
Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.
Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF - да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі - 1.
ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.