Тіл – Тәуелсіздік тұғыры
Қашанда ана тіліміздің ең үлкен жанашыры Елбасының өзі екені бүгінде айшықтала түсті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ айтқан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік тіл, қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген ұлағатты әңгімелері мемлекеттік тілді құрметтеудің, дамы¬тудың бүгінгі ең басты құралына айналды. Қазақстандықтарға арналған Елбасының Жолдауы қазақ тілінің шоқтығын онан әрі биіктете түсті.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.
«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.
Динара Қуатбекова,
Шымкент қаласы, № 35 мектеп мұғалімі,
2016 ж