850 мың теңге алам деп кредитке батып кеткен танысымды қатты аядым
Жаңа, бір жолдас жігіт айлыққа дейін 40 мың теңге бере тұршы – деп сұраған.
- Ол ақшаны не істейсің – десем.
- Бүгін, кредитті төлейтін соңғы күн, бүгін төлемесем пениясы жүреді – дейді.
Мерекеден мереке деп жүріп, кредит төлейтін күннің қалай келіп қалғанын білмей қалыппын.
Наурыздағы мерекелерде бала-шағаны қыдыртып, үйге қонақтар шақырып, біраз шығындалып қалыппыз –дейді.
Кредитті, жылдың басында, аяқ асты ақша керек болып қалып, банктің телефондағы қосымшасы арқылы сұратып, 15 минутта 850 мың шығарып алыпты. Осы қажет деген 850 мың теңгені ай сайын төлейтін мөлшері аз болсын деп төрт жылға шашып, ай сайын 38 600 теңгеден төлеп келе жатыр екен.
Алған ақшасын дұрыс мақсатқа жаратты ма, жоқ орынсыз жұмсады ма сұрауға ыңғайсыздандым. Бірақ сол жерде отырып, қайтаратын ақшасын есептеп көргенбіз ғой.
Сөйтсек!!!
Сөйтсек, 4 жыл дегеніміз 48 ай, осы 48 айда 38 600 теңгеден төлеп отырса банкке жалпы соммасы 1 852 800 теңге қылып қайтарады екен. Банктен 850 мың теңге алады, үстіне 1 002 800 теңге қосып беруі керек!!!
Бұл деген масқара емес па?
Бір отбасы үшін басқа шығындарыды есептемегенде тек банкке 1 миллион теңгені беру деген, үлкен шығын ғой.
Бейшара досымның отбасы, бала-шағасы, той-жиыны, өлім-жітімі және тағы да басқа шығындарымен қоса банктен алған 850 мың теңгесін қайтару керек.
Кредиттің бәрі осындай ма? Кәзір елдің бәрі кредитте ғой. Ары қарай ойлаудың өзі қиын...
Дәурен Босымбайдың Facebook парақшасынан