Өкінбей өмір сүру үшін 30 жасқа дейін нені жасап үлгеруіміз керек?

Oinet.kz 29-03-2023 994

Елуді еңсерген көп адам соңғы жиырма жыл бойы біраз нәрсені істемегеніне өкінеді екен. Мүмкін, сіз отызда болсаңыз, тізімдегілердің біразын жасап көрерсіз.

Screenshot_5.jpg

1. Шылым шекпеңіз. Енді бастасаңыз, дереу тастаңыз «Егер менің сөздерімді оқып отырсаңыз, сіздерден жалынып сұраймын, темекі тартпаңыздар, — дейді Синди Перлман Финк. — Шылым шегу: өте қымбат, не істесең де кетпейтін жаман иіс қолқаңды қауып тұрады, темекі түптің түбінде адамның ағзасына ауру әкеледі. Темекі тартатын адамның обырмен ауыруға мүмкіндігі мол. Деніңіз сау болсын десеңіз, темекі тартпаңыз».

2. Не болса, соны жемеңіз «Адам мол табыс таба алады. Оны 20 жаста да, 30 жаста да, 40 да, 50 де, тіпті 70 де табасыз. Бірақ сол ақшаға денсаулық сатып ала алмайсыз. Отызға келген адам фастфудтан бас тартуы керек» дейді Сириш Чилакамари.

3. Ата-анаңызбен, бауырлармен қарым-қатынасты реттеңіз «Ет жақындарыңызбен тату болыңыз. Жақын еместігіңізді олардың көзінше кейбір нәрселерді ашық айта алмайтындығыңыздан сезесіз. Бірақ отбасыдан артық сізді ешкім тани алмас. Олар сіздің шын мәнінде кім екеніңізді, қандай екеніңізді біледі. Отыз жаста бұл сөзбен келіспеуіңіз мүмкін. Бірақ қырықтан асқан соң түсіне бастайсыз. Өз басым күрделі отбасының баласымын. Айтайын дегенім, біз бір-бірімізді қатты жек көрдік. Басқа отбасыларда басқаша екенін түсінем. Егер мен өзім ықтиятты болғанымда мені түсініп, қолдайтын жандар көптеу болатынын кеш түсініп жатырмын». Роберт Уокер.

4. Күннің астына арнаулы жақпамай жақпай шықпаңыз «Ешкімді тыңдамайтынмын. Күннің астында көп жүретін адамның терісі тез қартаяды. Теңізге барған сайын күнге қарсы жақпаларды жағып жүріңіз. Әйтпесе, сәл уақыттан соң қалай тез қартайғаныңызды көретін боласыз». Синди Перлман Финк.

5. Спортпен шұғылдану «Егер отыз жаста спортпен шұғылдануды бастасаңыз елу жаста да қимылыңыз ширақ, көңіл күйіңіз тамаша болады. Салмақты бақылап отыру керек. Жаттығу жасауды әдет қылыңыз. Арық адамдардың денсаулығы мықтырақ болады». Синди Перлман Финк.

6. Ақша жинауды үйрену «Ақша жинап үйрен деген ақыл тым қарабайыр екені анық. Өзім отызда болғанда ақша туралы ойламайтынмын. Өзіме табысым жетіп тұрды. Бірақ уақыт өте келе баспана, баланың оқуы, зейнетке де ақша жинау керектігін түсінесің. Жас кезден үнемдеп үйрену – пайдалы бір әдет болар еді». Клиф Джилли.

7. Қолда барға қанағат ету «Жетістікке жетуден гөрі осы сәтте, дәл қазір өмір сүріп үйрену маңызды екен. Қазір қолда барға қанағат етсеңіз миллионер болмай қаласыз. Бірақ миллионсыз-ақ бақытты өмір сүресіз. Мүмкін, жол-жөнекей байып кетерсіз. Бірақ көңіліңіз қалаған өмірді сүресіз». Роберт Уолкер.

8. Ұлы мақсаттарды кейінге қалдырма «Үй алғыңыз келе ме? Бала сүйгіңіз келді ме? Кітап жазуды арман етесіз бе? Екінші білім алуды ойладыңыз ба? Жұмысты ауыстыруды? Кәсіп қылуды үйренгіңіз келе ме? Жаңа аспапта ойнауды? Елде жоқ тағам дайындауды? Су астында жүзгіңіз келе ме? Саясатпен айналысқыңыз келе ме? Онда, соның бәрін бүгін бастаңыз» — дейді Билл Карвин. Ертеңге ештеңе қалдыруға болмайды. Отыздан асқан соң уақыт зуылдайды. Адам есейген сайын уақыты да жылдам өтеді. Арманыңа қол жеткізуді бүгіннен баста, әйтпесе, кеш қаласың.

9. Жайлы ұйықтап үйрен «Ұйықтайтын бөлмені қараңғылау керек, теледидар көруге болмайды. Бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұрып дағдыланудың пайдасы зор». Нан Вальдман.

10. Тіске күтім керек «Бүгіннен қалмай тіс дәрігеріне барыңыз. Тіс тазалайтын жіпті сатып алыңыз. Тісің бар да тас шайна, тісің кеткен соң ас қайда? Тістен айырылған адам қатты қиналады. Тісті бүлінуден сақтау қиын, тек саулығын аз ғана ұзартуға болады. Имплантанттар өте ыңғайсыз. Әрі қымбат. Тісті күніне екі рет фторсыз пастамен шаю керек. Бұл өте маңызды». Кэролайн Зелонка.

11. Дүние жима, естелік жи Сіз – сіздің тәжірибеңіздің нәтижесісіз. Елуге келгенде бекер дүние жиюға көп уақыт кетіргеніңізге өкінесіз. Естелік дүние-бұйымға қарағанда құнсызданбайды. Оны ешкім тартып ала алмайды.

12. Әлемге бір құнды дүние беріңіз «Қызмет ету» дейтін анықтамаға сай келетін бір әрекет жасаңыз. Жан жүрегіңізбен ынталанып істейтін бір істі табу. Есесіне ештеңе күтпеу.

13. Әр нәрсеге қызыға біл. Күн сайын қорқатын бір нәрсені істе «Күн сайын бір қызық жағдай жасаңыз. Кез келген тәуекелге бел буып, соны жасап көріңіз. Саяхаттаңыз. Сақтық жасай бермей, еркін өмір сүріңіз. Шамаңыз жетсе, парашютпен секіріп көріңіз. Таяқ ұстаған кезде сол күнді еске алып, бір күліп аларсыз». Мэри Лик.

14. Жылына он кітап оқыңыз «Жас күнімде теледидарды көп көруші ем. Қазіргі заманның жастары ойын ойнайды. Бірақ адамның миы ешқашан өзгермейтінін ұмытпаңыз. Егер адам ұзын-сонар мәтін оқымаса, оның миы өспейді, дамымайды. Бұл аксиома». Винита Музукумар.

15. Шамаңыз келген сайын саяхаттаңыз «Әрбір саяхат адамды өзгертеді. Өзіңнің кім екеніңді түсінуге көп көмектеседі. Өмірде не маңызды екенін түсінесің. Көп адам үйден шықпай өмірін өткізеді. Себебі, қорқады. Өмірді өзгертуге ынталанбасаңыз, өміріңіз қорқынышпен өте береді. Қорқыныш көп жерде – өмір азая береді». Джефф Гоинс.

16. Медитация жасап үйреніңіз «Медитацияны шын жасай алған адамға оның берері ұшан-теңіз. Медитацияға аз ғана уақыт кетеді. Медитацияның беретін өзгерісі ұлан-ғайыр. Соңғы елу жылдан бергі жасалған ғылыми зерттеу жұмыстар медитацияның күш-қуатын дәлелдеді». Ренс де Нобель.

17. Өзіңді өзгемен салыстырма «Бетіңізді әжім басқан кезде сауық кешке барудың еш қызығы болмай қалады. Өзгелерді өзіңе қаратуға тырыспайсың. Адам өзін тануды дәл қазір бастауы керек. Ол үшін 40 не 50 жасты күтіп керек емес». Сатиш Кумар Грэндхи.

18. Күнделік жазыңыз «Сіздің жүрегіңізді дір еткізген сәттерді қағаз бетіне түсіріп отырмасаңыз, олар ұмытылады. Сол сәттерді он жылдан кейін оқудың өз ғажабы бар. Компьютерге жазып, суреттермен әсемдеңіз. Ата-анаңыздың ондай мүмкіндігі болмады, сіздің заман ілгері. Сосын өзіңізге рақмет айтатын күн туады». Марк Кроули.

19. Баспаналы болыңыз «Не үй, не пәтер сатып алыңыз. Ақша жұмсаудың ең тиімді тәсілі. Әйтпесе, елуге келіп үй мәселесін шешуге тура келеді». Лиз Рид.

20. Достасып үйреніңіз «Өзіңіздің ең артық қалыбыңыз ретінде қабылдайтын адамдарды тауып алыңыз. Өзінің өнегесімен сізді жекпе-жекке шақыратын адамдармен достасыңыз. Олардың бар жақсылығын үйреніңіз. Бірге күліңіз. Ақымақ болуға да қорықпаңыз. Өмірдің жарқын сәттерін бірге өткізіңіз. Достармен аптасына бір рет кездесіп тұрыңыз. Олардың немен өмір сүретінін біліп жүріңіз».

kyn.kz

850 мың теңге алам деп кредитке батып кеткен танысымды қатты аядым
Бір мәселеге бірнеше блогер араласса - олар жемтік аңдыған шакалдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу