Бір мәселеге бірнеше блогер араласса - олар жемтік аңдыған шакалдар

Oinet.kz 10-04-2023 643

Құлқыны үшін өзін "халық мүддесі үшін қызмет етемін" деп, телефонын аккаунтына жазып қойып, "құқықтық көмек керек болса, кез келген уақытта хабарласыңыздар" деген блогер (шын мәнінде ШАКАЛ) бар. Соған бір мәселе бойынша хабарластық. Шынын айтқанда, оның нағыз бет-бейнесін көргіміз келді.

blogger2.jpg

Ол бірден телефонды көтерді де, мәселені естіген соң, қысқасы, ақша сұрады. Біз "сіз халыққа қызмет көрсету тегін деген сияқты едіңіз, ақылы болса, заңды адвокатқа-ақ барамыз ғой " дедік. Сонда ШАКАЛДЫҢ айтқаны: "Мен мәселені қатты шулатып көтеремін. Менен әкім де, министр де қорқады. Сосын басқа өзім сияқты блогерлерді тартамын. Фейсбукта, инстаграмда, тиктокта шулатамын, жарамын. Ертең сендерге жалынатын болады "қойшы" деп. Гарантия берем!"

Мына сөзі нағыз долылық екен. Ақша үшін желіні шулату арқылы өзіне ұпай жинау. Сол арқылы ақшалы "клиент" жинау.

Айтайын ба кім екенін? 

Пысы: Айтпақшы, шакалдар қарны ашқан кезде топталып, жемтік іздейді. Жақында сондай шулы бір оқиға болды.

Есіңізде болсын! Егер бір мәселе кенеттен көтеріліп, оған бірнеше блогер араласса, демек, олар жемтік аңдыған шакалдар. Қанның иісін сезіп келді деген сөз. Қан бар жерде құрбандық (ақша) бар. Сосын қарны тойған соң, шакалдар ол мәселені ұмытып, ары қарай басқа "қан" іздеп тіміскіленіп кете береді...

Гүлжазира Есбол

Facebook парақшасынан

Өкінбей өмір сүру үшін 30 жасқа дейін нені жасап үлгеруіміз керек?
Төрт жасар қызға айналған кәрі кемпір
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу