Төрт жасар қызға айналған кәрі кемпір

Oinet.kz 15-04-2023 1297

Шешемді қолыма алдым. Алдын ала келіспестен, аяқ астынан солай шешім қабылдадым. Бір дорбасын жинады да соңымнан ере берді. Дорбасында – шүлки, «ең керемет әжеге» деген жазуы бар тәпішке (менің балаларым сыйлаған), қалың халат, неге екенін жастық қаптағыш жүр. 

Screenshot_9.jpg

Шешем дорбасын өзі жинаған. Соңғы үш апта біздің үйде қартайған төрт жасар қыз өмір сүріп жатыр. Ілбиген арық, төбесіне аппақ қудай шашын түйіп қояды. Шүлкиі табанына жиырып қала береді. Тәпішкесін тырпылдатып дәлізде жүреді. Табалдырыққа тақағанда аяғын қаттырақ көтеріп аттайды. Дәліздегі итке күлімсіреп қарайды. Көзге көрінбейтін адамдарды тыңдайды, не дегенін маған айтып береді. Менен қатты қысылады. Көп ұйықтайды. Шоколадты абайлап тістейді. Бөлмесіне үнемі шоколад қалдырып кетем. Шоколадпен шай ішеді. Шайын қос қолдап ұстайды. Бір қолы қатты қалтырайды. Жіңішкерген саусағындағы неке жүзігін түсіріп алмасам екен деп үнемі қорқып жүреді. Қайта-қайта тексеріп қояды. 

Анамның қаншалықты кәртейгенін, қаншалықты көмекке мұқтаж екенін көріп жүрмін. Ол өзін қадағалауды тоқтатты. Жаны жай тапты. Ересек адамның рөлін ойнауды доғарды. Бүкіл өмірін маған табыстады. Ол үшін ең маңыздысы – менің үйде болуым. Сырттан кіріп келе жатқанымда ол қуанып кетеді. Мені көре сала жеңіл тыныстайды. Ұзақ уақытқа кетпеуге тырысатын болдым. Күнде түскі асқа сорпа жасаймын. Балалардың титтейінде сөйтуші ек. Дастарханда үнемі пішінә салған тостақ тұратын болды. 

Не сезінем? Басында шошыдым. Әкем қайтқалы бері үш жыл бойы жалғыз тұрам, ешкімге масыл болмаймын деп шешіп еді. Мен оны түсіндім – өмірінде бірінше рет, сексеннің сеңгіріне шыққанда анам өз білгенімен өмір сүргісі келді. Ал, мынау қарғыс атқыр вирус анамды зорықтырып жіберді. Екі ай үйде отырып еді, психикасы күрт қиналып кетті. Қазір оған қараймын да аяймын. Жүрегім елжірейді. Ол екеуміз қандай жолға түскенімізді білем. 

Бұл жол ол үшін бақытты болса екен деп тілеймін – жалғыз қызының қасында жанның рахатын сезіну. Мен пісірген котлет пен бөректерді жеу. Қалғаны анам үшін маңызды емес. Қазір менің үйімде сексен үш жасар кішкентай қыз бар. Ал мен сол үшін бақыттымын. Құдай анамның соңғы күндерін бақытқа бөлеуіме мүмкіндік беріпті. Өзімнің алдағы өмірімді – жан азабынсыз өткізуді нәсіп еткеніне шүкір. 

Анашым, бар болғаның үшін мың алғыс. Менің жанымда ұзақтау қала тұршы.

Бір мәселеге бірнеше блогер араласса - олар жемтік аңдыған шакалдар
Аманатқа соншалықты адал болуға болады екен ғой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу