Той жасайтын күні жоғалып кеткен күйеу жігітке не болды?

Oinet.kz 21-01-2023 7303

Анасының Торғынның бөлмесіне қарауыл болғанына бір ай. Бір айдан бері, сөйлете алмай әбігер. Бірнәрсе айтса, сұраса естімегендей қарап отырады. Сосын басын бұрып алады да отыра береді. Бір ай алдын, тура осы күні тойы болу керек еді. Тойға үш күн қалғанда Бектен қабарсыз қалды. Қолы тимей кетті ме екен, - деген оймен сабыр сақтады.

Screenshot_17.jpg

Ертең той деген күннен бастап, жүрегі сығыла бастаған Торғын іздестіре бастады. Ұялыда сол күйі дыбыс жоқ. Інісін Бектеннің жолдас баласына жіберген. Ол білмеймін деп жіберіпті де, артынан өзі келген. Олардың да қоңырауына жауап жоқ. Ертең той. Қатты уайымдап қиналған Торғын Бектеннің жолдас балдарын да, өзінің құрбыларын да дүр сілкіндірді. Еш қайсысы білмейді. Біреуінің де қоңырауына жауап бермейді. Торғын жылаудан көз ашпады. Не тамақ жеп, не ұйықтап жарытпады. Сол күйі одан хабар жоқ. Тойшылардың алды келе бастады. Естіген туыс бауыр, дауыс жететін жердегілерді тоқтатайық, қоңыраулайық десті. Бірінші сыныптан бірге оқып, бірге институт бітірген Жайық: "Екеуміз үйлене салайық", деді Торғынға. Саған ұят келмесін, сені жақсы көретінімді білесің. Қанша жалынса да Торғын міз бақпай қойды. Соңында тіпті күдіктене бастады. "Сен неге олай көп айтып кеттің? Білесің бе қайда кеткенін? Саған не айтты? Келмеймін сен ала бер деді ме. Мен сендерге арықтағы су болдым ба",- деді еңіреп. Бұны естіген әпкесі де: 

- Ау онда тұрған не бар. Түсінісіп кетсеңдер болды да. Кім сүйгеніне тиіп жатыр деп ақылын айтып жатыр.

- Жоқ,- деді Торғын, - Бәрібір ауыл естіп қойды. Сені жаман жігіт деп жүрген жоқпын. Мен оны көріп, себебін сұрамай тұрмысқа шыға алмаспын. Болары болды не істесеңдер де өздерің біліңдер,- деген Торғын, кіші ағасының үйіне кіріп алып шықпай қойды.

Сонша дайындықты не істемек. Келген кісілерге құдайы ас берді де, құданың әкесі қайтыс боп, той кейінге қалды деп тігісін жатқызды. Содан бері Торғын үйден шықпайды. Ешкімді де көргісі жоқ. Тамыздың да алғашқы он күндігі өтіп барады.

Анасы "Қой бұнымен сөйлесейін өмір осымен бітіп қалмас, бұлай болмайды",- деп қатаңдау әңгіме бастады. 

- Торғын, жарайды қиналдың, ұялдың, қайғырдың енді жетеді. Есіңді жи, сорлы емессің, әдемісің, білімдісің бірдемесі болар, жұмысқа тұр. 

Торғын төгілген шаштарын арқасына ысырып бойын тіктеді. Аппақ реңі солғын тартып, сарғыш түс алғандай. 

- Жарайды,- деді қарлыққан үнмен. - Тек мұнда емес. Басқа жаққа, қайда болса да мейлі. 

Содан анасы ойлана бастады, осы айда болмаса кейін қиын болады. Мектептерге жұмыс осы айда ғана жүреді. Солай жүргенде құрбысы есіне түсіп, соның мектебіне, соған хабарласып солардың ауданына жіберетін болып шешті.

Бірге оқып, қызмет барысында бірге өскен құрбысы жоқ демеді. Себебін де сұрамады. Өзіне керекті маман болғанына қуанып қабылдайтын боп, тіпті "үйде тұра берсін" деп, бәрін бір деммен шешті. Халида ананың тынысы кеңіп, көңілі көтеріліп қалды. Енді қызын сол ауданға жіберуге дайындыққа кірісіп кетті. Құрбысы мектепте директор. Жаман болмас, жаңа орта ұмытып кетер деп дәмелі. Ешкімге көрінгісі келмеген қыз ағасына түнде апарып тастауын өтінді. 

Жаңа ортаға келген қыздың көңілі өзгермеді. Бұрыннан да салмақты қыз, тым кем сөйлейді. Сол мектепті жиырма бес жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрия адамның қабағынан-ақ ішін танитын сезімтал жан. Бір жағдайдың болғанын сезсе де, өздері айтпаған соң үндемеді. Тек Торғынды жұмысқа қабылдап, сабақ басталғанға дейін қолындағы мектептің соңғы сыныбына өткен қызы екеуіне, тауға ата әженің үйіне барып дем алып келулеріне кеңес беріп, сонда жіберді. Осында келгелі Торғынның ажары ашылып, осы үйдің келіні Тәтті мен жақсы тұрып қалды. Сол қайда барса, сонда бірге барып, бие саууды үйреніп жақсы сергіді. Тәтті де атына сай, үнемі тәтті күліп бір жасымайтын, ашық жарқын келіншек екен. Соған ішін ашып, себебін де біле алмағанын мұңая айтып берген. Оған келіншек мұңаймауын, бәрі Алланың қолында екенін сенімді айтып жақсы сөздерімен демеп қойды.

Сол жақтан өзіне сенімді оралған Торғын жұмысқа қуана кірісті. Жұмысқа жаңадан келген мұғәлім, өзі сұлу, әдемі, директордың туысқаны елді елең еткізді. Мұғалімдер де іштерінен бойдақ туыстарына айттырғысы кеп, тіпті ата-аналар да, мектепке келгіштеп бойдақтарының құлағын жегендері бірталай еді. Торғынның селт етпеген мінезінен кейін бәрі, әсті-әсті басылған. Тек мектепте бір-екі жылдан бері жұмыс жасап жүрген мұғалім жігіттер ғана, үміттерін жетелеп жүр. Торғынның ойында тек Бектен. Сабақ кезінде ғана ол ойдан ажырайды. Қалған кездің бәрінде өткен күндерін еске алып, жіпке тізгендей көз алдынан өткізеді. Әдейі тастап кеттіге сене алмайды. Сенетін бір, уәжді жері де жоқ. Адамгершілігі, үйге кеп жайын айтқаны, ағасы екеуінің ұзақ серуендеп келгені. Ағасының қатты риза болғаны есіне түссе, не болғанын шеше қоятындай таусыла ойланады. Мектеп пен үй арасы жарты сағаттық жол. Жұмысқа бара жатқанда өкшесі биік аяқ киімі, асыға тықылдайды. Үйге қайтарда, жайлап асықпай басады. Үнемі бір жерге келгенде мұңлы әуен естиді, кейде аз кем бөгеледі. Сол жерге келгенде, жүрегінде де өзгеріс болады. Торғын жан-жағына қарап сол жерге белгі қойды. Жердің физикалық өзгеріс әсері, деп күліп қойды. Әр жерде, әр түрлі өріс бар дейді, деп ойлады. Осылай күндер өте берді. Торғынның еститін әуені қандай әуен, оны бұрын ешқашан естімеген. Ол енді сол әуенді естімей қалған күндері алаңдайтын болды. Қайда неге тым тырыс. Жұмысқа бара жатқанда естіліп тұратын әуен, келе жатқанда өте бере басталады. Неге дейді ондайда Торғын. Кішкене тұрып тыңдап кететін әдет болғанын өзі де сезген жоқ.

Бұл әуенді салатын, осы үйдің, осы жол жақ терезенің алдында жататын Бекіш. Осы бір, біз өкше аяқ киімнің тықылы жүрегіне қатты әсер етеді. 

- Әже, дейді ондайда. - Неге асығамын мен? Неге жаным тыныш емес, неге кінәлідей өзімді-өзім жеп қоярдай боламын? Әже, айтыңызшы маған не болды?

- Қайдан білем, балам-ау. Ауруханаға шақырды, барсам сен сонда жатсың. Жаныңның қалғанына қуандық. Әсті-әсті жүресің деді оған да шүкір. 

- Есімде неге ешнәрсе жоқ?

- Ай, балам-ай, мені қайбір білгір дейсің?!. Есіңе түсер, бәрі жақсы болар. 

Әжесі теріс бұрыла көз жасын сығып алады. Жүре алмай, миына бір зақым келіп жадын жоғалтып алған немересіне еш нәрсе айтқысы жоқ. Қалай айтады? Анаң мен досың қайтыс болды. Сен жадыңнан айрылдың деп қалай айтады? Осылай қартаң әже белден төмен зақым жеген немересін бағам деп тілеп пе? Ой, дүние-ай! Келіні елбіреген елгезек жан еді. Мейірбан еді-ау. "Қартайғанда тағы не көрсетерің бар, Алла?" деп күрсінеді. Қарт ананың көз алдына өткен өмірі елестеді. Шалы марқұм, шалы дейді-ау, жап-жас еді. Осы Бекішінің әкесі екеуін қалдырып Ауған соғысында жүріп сол жақта марқұм болды. Орнында бар оңалар деп жүргенде, сары аурудың ауыр түрінен Бекішін қалдырып ол кетті. Анасы, жаныма жалау болған анасы анау болды. Енді Бекішім жақсы болып кетсе екен, деген тілек мойнына бұршақ салдырған. Күндіз түні соның қасында. Әр түрлі емдік шаралар жасайтын дәрігерлердің ішінде осы әне бір қозғалтып, жүргізіп жасайтын баланың ісі қөңіліне қонады. Ол келгенде Бекіші тұрады, адым жасайды. Негізі Бекіш емес, доғдыр бала жасайды, ана көңіліне Бекіші жасағандай әні-міні жүріп кетердей болады. Ермек дәрігер келіп-кетіп жүріп, Бекішпен жақсы тұрып қалды. Өзімен қатар баланың солай жатқанын көтере алмай жаны қиналған Ермек қолы босай қалса осында жүгіреді. Барлық спорттық ,жаттығу заттарын өзі тауып әкелген. Оның келгенін Бекіш те жақсы көріп, қуанып қалады. Әр келгені қуаныш, үміт, мереке.

Осылай қараша да, қара суығымен келіп қалған. Әжесі жылы киімдерін реттеп оңайға шығарып жүріп, бір орамалын таппай әбігерге түсті. Жылы еді жауырнымды жабатын еді деп күңкілдеп әбігерге түскен әжесіне ұялысын беріп:

- Әже, өткенде үйді, заттарды күнге жайғызған жиенкадан сұрасаңызшы,- деді әзілдеп. Әжесі қуанып қалды. Ол сабақтамын, қаз, сәлден кейін, деп өшіріп тастады. Түс ауа өзі қоңырау шалғанда әжесі, ақ торғын шәлісін таппай жатқанын айтты. 

- Нені?,- деді Бекіш, - нені таппай жатсыз? 

- Ақторғын шәлім бар еді, ескі болса да жылы еді. Арқама жауып жүретінмін.

Әжесі күйбеңдеп жүріп байқамаған, Бекіштің түрі бұзылып, есіне түскендерін таразылай алмай жатыр еді. Реңі бұзылып, жүрегі аузынан шығып кетердей бұлқынғанға шыдый алмаған Бекіш қатты айғайлады. 

- Әже-е-е, есіме түсті Торғын, а-а-а анашыыым, Әділет! 

Қатты қозғалып жұлқына кеудесін көтерген жігіттің қолы терезе шынысының быт-шытын шығарды. Сол сәтте өтіп бара жатқан Торғын селт етіп тоқтады. Қатты айғай, әуен емес, қатты айғайға таңырқай, қорқа қарады. Тағы жүре бергенде "анашыым, Торғыын" дегендей үн естілді. "Әділееет" дегендей тағы. Сол жерде тұрып қалғанына ыңғайсызданып жайлап жүре берейін десе, дегеніне аяғы көнбей әрі-сәрі боп тұрып қалды. Алдынан жедел жәрдем көлігі өтті. Енді анық естіді Торғыыын. Жан-жағына қарап есігін іздеді. Үлкен көп қабатты үйдің есігі арғы жағында екен. Үй алдына айналып барды. Жедел жәрдем тұрған есікке жақындап ішке үңілді шығар есікке қарама қарсы ашылатын есік жартылай ашық қалыпты. Сол жерге шегеленгендей тұрып қалды. Бір сәт дәрігерлер шығып кетті де, іште біреуі ғана қалғандай болды. Торғын еркінен тыс есікті ашып жартылай сығалады. Еш нәрсеге көзі тұрақтар емес. Іштің қараңғылығы жарықтан келген адамға түкте көрсетпей тұр. Енді байқады іштен де бұған оң шығанағына сүйенген жігіт, жайсыз қадала қарап жатыр еді. Сырттан кірген салқын мен, науқастың назарына, дәрігер жігіт те арқасына бұрылған. 

- Ооо, Торғын, кел. Сіз бе? Жай жүрсіз бе?,- деді дәрігер.

Торғын есік алында, Бектен төсекте бір біріне қарап қалды. Екеуінің де іші толы. Қайғысын, азабын, сағынышын қалай жеткізуді білмеген Бектен, жасын жасыру үшін сүлгімен бетін жаба, жастыққа шалқалай кетті. Торғын түсінбегенін, сөз болғанын, ойланғанын, қиналғанын, сенбегенін үнсіз айтып жасын жұтып тұр еді. Ермек жүре қоштасып шығып кетті. Әже де не істерін білмей, жоғары отыр деп құрақ ұшқанымен естір құлақ таппаған сол сәт. Екеуінің жасы төгіле, іші босаған кезде бірінші болып Бектен:

- Торғын,- деді. Торғын тұрған жеріне бүгіліп отыра кетті. "Не болды саған",- сыбырлай шыққан алғашқы сөз. 

- Саған, саған емес осы жаққа досымның машинасымен келе жатқамыз. Әжем үйіне келіп, сол кісіні ала кету үшін. Жолда апат болып...,- Бектеннің даусы дірілдеді.

- Айтпашы, айтпай-ақ қойшы,- деді қыз еңіреп. - Бәрін түсіндім. Қандай бақытсызбын, қандай жандардың ажалына себепші болдым. Саусақтары дірілдеп, алақанымен жасын сүртті. 

- Жоқ,- деді жігіт. - Сен кінәлі емессің. Қарсы жүргізуші мас еді. Енді есіме түсті. Бектен бірәз үнсіз қалды. 

- Міне,- деді. - Жатырмын. Болашағым бұлыңғыр. 

Сол кезде есін жиған Торғын екі аттап жігітке жақындады. Бәрі жақсы болады. Сен маған, сенші. Бәрі жақсы болады. Жігіттің сұрғылт тартқан азғын ажарына қарады. Жігіт те, азып кеткен арудың, бояудан таза ажарына қарады. Қиналғанына, сағынғанына, тазалығына сенді. Олар сол күні, болашақтарын әңгімеледі. "Сен бақытыңды тап" деді жігіт көздері. "Бағым жанымда" деді қыз. "Ол әлі белгісіз" деді жігіт жанары. "Мен сенемін, бағым тым жақын, қандай болмаса да" деді қыз көздері жасқа толып мөлдіреп. "Қайдам" деді жігіт, сенімсіз. "Солай" деді қыз көздері сенімді жалтылдап. Олар үнсіз сөйлесіп таңды атырды. Таң ертең жұмысқа сол жерден шыққан қызға дәрігер жолықты. Өзіңді қорлама, ол ешқашан жүре алмайды деді дәрігер. Мейлі деді Торғын. Қандай болса да, сүйдім, серттестім. Маған ештеңе айтпаңыз. Торғын директор апайына айтып сол үйге көшіп алды. Қанша сөздер, қанша ақылдар желге ұшты, жолға шашылды.

Ешкімді тыңдамаған ару, тағдырын мүгедек жігітке тапсырды.

Тапсырмады, екі тағдырды өз қолына алды. Ермек Бектенді аяушы еді, жүрсе дейтін, енді өзі ұнатып қалған осы бір аруды аяп, жүрегі сыздайтын болды. Сол күннен бастап дәрігер жігіт бұл үйге Торғын жоқта, сабақта кезде ғана келеді. Және қимылды екі, үш есеге көбейтіп жіберді. Торғын да кешке жұмысы біткен соң , арбасымен серуенге алып шығатын болды. Арада екі жыл өтті. Ол аралықтағы ұрыстар, ақылдар Торғынды өзгерте алмады. Бектеннің алғашқы тәй-тәйін бұл үйде ешкім көрген жоқ. Әжесі сыртта, Торғын жұмыста жүргенде, Ермек келіп,- Бектен бүгін еркін жүру деді бірден. Үйдегі барлық заттарды шетке сырған, дәрігер Бектенді тұрғызып қойып, "ал қадам жасаймыз",- деді ашық, сенімді, жарқын дауыспен. Үнемі сүйеніп жүріп,бірдемеден ұстап, қадам басып көрген, Бектен жүрексініп тұр. Ермектің амалы таусылды, жер қорқақ боп қалған жігітке не амал істерін білмей дал. 

- Егер маған сенің Торғының, бәрін таста менімен жүр десе, ойланбай кете берер едім,- деді ол, жай, қоңыр дауыспен, көзін терезеден ұзаққа ойлы қарап, сенімді. Қандай өсекті, сөзді, ұятты көтеріп жүрген жанның алдында отқа түсу аз. Ол түнеріп төмен қарады. Бектен тез тез соққан жүрегін бір сәт тыңдап тұрды да, түйіле алға ұмтылды. Төрт адымдай жерде тұрған дәрігер, жарқ етіп күліп, ұстай алды. Ауп деп көтеріп оңғарған дәрігер, дуалға сүйеп, тағы деді, тез алға шығып. Ол Бектенді әбден шаршағанша жүргізді де, 

- Ал, досым, дем ал,- деді дәрігер кетуге ыңғайланып. Ол Бектенді жатуға болысты да, жұмысына асықты. Бектен моншақтаған терлерін сүртіп, қуанышты, шаршаса да езуі өзіне бағынбай еріксіз жымияды. Иә бұл бүгінгі қуанышының бастауы еді. Жұмыстан келген Торғын есікті ашты да, тұтқаны жібермей тұрып қалды. Қуланып шаттығы ішіне симай күлмеңдейді. 

- Бек, мен... мен ана болады екем. 

Ол ұяла төмен қарады. Тосын сыйын ұмытып кеткен Бектен орнынан қарғып тұрды, тұрды да екі адым жасап құлап бара жатты, ұстай алған Торғын жылап жіберді.

- Жүретініңді білетін едім, тек тез жүреді деп ойламағам,- дейді жылап жүріп. Бүгінгі күн әжеге де қуаныштың жасы төгілетін күн болды. Дәл осы сәтте кірген әже, Бекішінің тұрғанын көріп:
- Ақсарбас! Ақсарбас!,- деп жылап жіберді. 

Тағдыр шебер қиюластырған жандар осылай күдікті ысырып тастады. Алты айдан кейін, тілеулес жандар шілдеханаға жиналыпты. Жаңа жылда, ақпанның оныншы жұлдызында Бектеннің шақыртуымен келгенімде Аяна деген кішкене балапанның тұсауын кестіру үшін екен. Тартына беретін әдетіме салып, мендей болмай-ақ қойсын. Өткір, ашық жарқын, жақсы адамға дей бергенім сол, - "жоқ, апатай, маған сіздей болса болды" деген Бектеннің сөзі бөліп жіберді. Алла қаласа келесі жылы, тағы бір әлдидің шілдеханасы болады ау деп болжадым.

Жақсылық көп болсыншы. Жақсы жандар көп.

Бір кезде мен құтқарып жіберген ақсақ бөлтірік, өскесін мені құтқарып қалды
Күйеуі қақаған қыста әйелін 5 айлық баласымен қуып шыққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу