Күйеуі қақаған қыста әйелін 5 айлық баласымен қуып шыққан

Oinet.kz 21-01-2023 3172

25 жасымда мен тұрмысқа шықтым, ол менен 5 жас үлкен болатын.  Бәрі жақсы болды, күйеуім мені жақсы көрді. Мен 28 жасымда жүкті болдым, ал 7 айдан  кейін «күйеуімнің» менен жеті жас кіші сүйіктісі бар екенін білдім. 

Screenshot_22.jpg

Ол өз ісімен, бизнесімен және әр түрлі сылтауларымен үйге қонбауды әдетке айналдырды. Мен некені сақтау үшін ол туралы білетінімді білдірмедім. Ал менің шағымданатын, жылайтын ешкімім жоқ еді, мен өзім балалар үйіненмін.

Қызым  дүниеге келді, тынышсыздау болды, түнде жиі жылайды, ол ұйықтай алмайтынын айтып  (бізде бір бөлмелі пәтер болатын), ағасына кетіп қалатын. Мен оны қалағандықтан бәріне төздім, некемізді сақтау үшін барлық мүмкіндікті жасадым. Ол мені ақылсыз, қорқынышты, толық екенімд3 (босанғаннан кейін 10 келі салмақ қосыппын), өзінің достарының әйелдері әрқашан жақсы көрінетінін, жақсы киінгенін және менің жетім екенімді айтып бетіме басатын.

Ол маған қол көтеруді бастады, тіпті мені үйден қуып шыға бастады, бірақ баратын жерім жоқ, бізді көшеге шығармауын өтініп, тізерлеп жылайтынмын. Мен декреттік демалыста болдым, болмашы тиын аламын, сүтім таусылды, ал ол азық-түлік үшін ақша беруді тоқтатты.

Ол үйден тамақ ішпеqді, кейде үйге ұйықтап, жуынып, киім ауыстыру үшін ғана келетін болды. 

... Бұл бес айға созылды. Сосын бір «әдемі» күн ол өзінің сүйіктісімен келіп, менің заттарымды жинап, кетуге жарты сағатым бар деді (пәтер соның атында еді).

Мен жылап, бізді қуып жібермеуін өтіндім. Ол айқайлады: «Сен мына қызға қара (ол қыз әдемі, сымбатты,  қымбат киімде, сәнді шашты болатын), мен сенімен қалай өмір сүре аламын».

Сонымен, аязды қыстың кешінде пәтерден бес айлық сәбиімді құшағыма қысып, сыртқа шықтым ... 

Сол күн есімде жақсы  сақталды. Сыртта қараңғы, кешкі сағат жеті, аздап қар жауып, шамдар жарқырап тұр... Мен күзгі етікте, жұқа киімде тұрмын, бір қолымда заттар салынған кішкентай сөмке, бір қолымда қызым, менде балалар арбасы да болған жоқ. Ол маған ұялы телефонды да бермеді, өйткені оны сатып алған ол.

Қайда бару керек? Мен енді жыламадым, менде жылайтын ештеңе де қалған жоқ еді. Баратын жерім болмады, декретке дейін мен ауруханада медбике болып жұмыс істедім, амалсыз сол жерге бардым. Мен кезекші дәрігерден ауруханада түнеуге рұқсат сұрадым. Маған рұқсат етілді, бірақ бір түнге.

Таңертең мен ломбардқа барып, алтын сырғалар мен алқамды қойдым. Сол күні ағаш үйде тұратын бір орыс кемпірдің бөлмесін  жалға алдым. Мария Сергеевна, үйдің қожайыны, менің әңгімемді естіген соң балама көмектесетінін айтты, өзінің ұлы қайтыс болған екен.

Жұмыс табу қиын болды, жоғары білімім жоқ, оқуымды бір жылға бітірген жоқпын. Міне тағы соққы болды, «күйеуім» маған келіп, көлік үшін несиені мен төлейтіндігін айтты. (Несие менің атымда, ал машина «күйеуіме» берілген) ... Егер мен баланы қолдауға жүгінсем, сот мені ата-аналық құқығымнан айырады, өйткені менде баспана да, тұрақты табыс та жоқ.

Мен  балық дүкенінде тазалаушы болып жұмысқа тұрдым, кешке кафеде ыдыс жуамын. Түнде шұлықтар тоқып, оларды базарға саттым, суықта болон куртка мен  күзгі етікте тұрдым. Кешке базардағы шіріген көкөністер мен жемістерді сұрыптап, шіріктерін кесіп тастап, үйге алып келетінмін.

Мен қымбат көліктерде отырған әйелдерге қызыға қарайтынмын, бәрі әдемі, олар бақытты, қыстық  киімдері бар, олар аш болмайды ... 

Марья Сергеевнаға қызыммен отырғаны үшін көп рахмет. Мен түнгі бірде үйге келетінмін, қызымның заттарын жуып барып жататынмын. Ал таңғы 4-30-да жұмысқа бару үшін тұратынмын.

Мен тойып тамақтана алмадым, жиі ауырып, үнемі мең-зең болып жүретінмін. Менің көруім төмендеді, мен 18 кг жоғалттым. Қолдарым дірілдеп тұрды, бет әлпетім көк түсті еді. Күшім болмады, бірақ мен баламды балалар үйіне апарғанын қаламадым, оның не екенін мен жақсы білемін. 

Мен пәтерлерді тазаладым, кіреберістерді жудым, осылайша 4 жылдай өмірім өтті.

Мен басымнан өткерген қасіреттің бәрін толық сипаттамаймын. Қорлау, азап, аштық, көз жасы, автомобильге несие беру - осының бәрін денсаулығыммен, көз жасыммен төледім. 

Өмір тез өзгере бастады. Құдай маған бір әйелді жіберді - мен тазартқан элиталы пәтердің қожайыны маған аяушылықпен қарап, өзінің хатшысы болып жұмыс істеуді ұсынды.

Ол маған киіміме аванс берді, қызымды балабақшаға орналастыруға көмектесті. Бәрі жақсара бастады.  Мен компьютерлік курсқа түстім, колледжді заңгер мамандығы бойынша бітірдім. Екі жылдан кейін мені жоғарылатып, менеджер болдым, содан кейін ірі компанияда коммерциялық директор болдым,  үлкен жалақыммен 3 бөлмелі пәтерді ипотекаға тіркедім, машина сатып алдым, үйді евро жөндеуден өткіздім, жақында қызыммен Италияда, Францияда демалдым.

Менің қызым жеке мектепке барады, ештеңеге мұқтаж емес. Марья Сергеевнаны әже деп атайды, біз оған көмектесіп, қонаққа барамыз. 

Міне, тағдыр! Мен саяжай  сатып алғым келіп жарнама қарап отырғанмын - моншасы бар саяжай сатылады екен. Пәтер иесі әйелмен телефон арқылы хабарласқанымда, саяжайды тез арада сататынын айтты, өйткені үлкен қарыздар мен кейбір мәселелерге байланысты шұғыл ақша қажет екен. Саяжайға құрбым және қызым үшеуміз бардық. Үйден кім шықты деп ойлайсыз?! Менің бұрынғы күйеуім мен баяғы сүйіктісі! 

Күтпеген кездесуден мен де, олар да состиып тұрып қалдық... Мен оларға қарап тұрып, өткен жылдарымды көз алдымнан өткеріп жаттым... сол қыстың кеші, аздап қар жауып, шамдар жанған кез... мен жұқа киіммен, бес айлық баламмен...және қалтамда тиын-тебен..қайда барарымды білмей дал болып тұрмын...

Ал қазір  мен қымбат көліктің жанында, қымбат тонмен, әдемі, сымбатты кейпімде тұрмын. Ал ол шашы жоқ, таз, шартиған кейпімен кемі 100 келі болатын семіз әйелімен... Осылай он минуттай үнсіздікте тұрдық... Сіз менің не істегенімді білесіз бе? Мен оның қасына барып,  оның бетіне түкірдім, жылдар бойы жиналған барлық ашу-ызамды төктім. Ол тіпті қозғалмады да...

Жолда көзімнен жас парлап келе жатты: қайта-қайта Аллаға сансыз шүкірлігім мен рахметімді жаудыруда болдым! Ешқашан үмітсіздікке салынбаңыз, ешқашан, мені естисіз бе? Ешқашан! Өмір өзгереді және сізде бәрі де болады! Білім алыңыз, жұмыс жасап, жақсылыққа ұмтылыңыз! Қайталаймын: ешқашан берілмеңіз және өзіңізді қорлауға жол бермеңіз.

Той жасайтын күні жоғалып кеткен күйеу жігітке не болды?
Бүлдіршіндерді темір жолға байлап кеткен өгей ана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу