Түс жору кімнен қалған? (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 1013

түс жору.jpg

Мәлике: Түс жору кімнен қалған?

Әбілда: Жүсіп пайғамбардан қалған. Жүсіп зынданда жатқанда Мысыр патшасы түс көрді. Түсінде жаман іс көрді. Бидайдың қураған жеті масағы әлі сүт боп, жетілмей тұрған жеті масақты жеп қойды. Артынша жеті арық сиыр жеті семіз сиырды жалмады. Бұл түс ненің нышаны екенін білмей патшаның басы қатты. Бүкіл түс жорушыны жинады. Бірақ ешкім жори алмады. Бұл кезде Жүсіп пайғамбар зынданда жатыр еді. Патша Жүсіпті алдырды. Ол:

– Еліңде астық жеті жыл қатарынан бітік шығады. Бірақ, одан кейін жеті жыл қатарынан жұт болады. Жауын жаумайды, өзен тасымайды, егін шықпайды. Аймақты ашаршылық жайлайды. Жұтқа дайындала беріңіз, – деп түсін жорып берді.

«Мың сұрақ» кітабынан

Жаһандық жылыну. Адамзаттың бүгінгі трагедиясы
Сүндеттеу салты кімнен қалған? (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу