Сүндеттеу салты кімнен қалған? (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 793

сүндеттеу салты.jpg

Мәлике: Сүндеттеу салты кімнен қалған?

Әбілда: Ыбырайым пайғамбардан қалды. Бірде мынадай оқиға болды. Тәңірі тағала Жебірейілге:

– Досым Мұхамбеттің дүниеге келер сәті жақындады. Таң сәріде ұйықтамай отырған пендемнің үстіне Мұхамбеттің нұрын шаш! – деді. Жебірейіл сахарда ояу отырған тақуаны таппады. Азар деген бір дінсіз ғана пұт жонып отыр екен. Періште Құдайға келіп көрген жайын баяндады. Жаббар Хақ айтты:

– Ендеше, сол Азардың беліне шаш! – деді. Жебірейіл түсінбей:

– Уа, Тәңірім, ол саған емес, пұтқа табынады. Оған қалайша Әзіретті Мұхамбеттің нұрын шашып, белінен пайғамбар шығарасың? – деді.

– Әй, Жебірейіл, мен шебер Алламын. Бір іс бастасам, ақырын әуелден көріп, біліп тұрамын. Азардың ұлы дүниеге келген соң, оны сүндеттейсің. Бұл оның мұсылмандығын білдірсін, – деді.

Азардың ұлы жеті жасқа келгенде оны сүндеттеді. Бала мұсылман болып шыға келді. Бұл жас бала – Ыбырайым пайғамбар еді.

«Мың сұрақ» кітабынан

Түс жору кімнен қалған? (аңыз)
Жан-жануар, жәндікті өлтіру неліктен обал? (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу