Алмасбек Мамытбеков - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

Oinet.kz 19-03-2019 873

Screenshot_6.jpg

 «...Кейбіреулердей  көке-жәкесінің көмегімен биліктің биігіне бірдестен «аспаннан аяғы салбырап» түсе салмай  өзінің қарым-қабілетімен, табан ақы, маңдай терінің арқасында қарапайым мемлекеттік қызметкерден еңбек жолын бастаған, одан әрі биліктің баспалдақтарымен біртіндеп көтеріліп келе жатқан Алмасбек Мамытбеков туралы елдің пікірі жақсы. Кезінде Түлкібас ауданы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болды.  Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы ретінде де жақсы қырынан танылды. Облыстық әкімдікте бас инспектор қызметін атқарды. Облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары болып халықпен етене араласты, қайнаған тіршіліктің ортасында жүрді. Иделогия саласында жинақтаған озық тәжірибесі ескеріліп оған облыстық «Нұр Отанның» бірінші орынбасарлығы сеніп тапсырылып сәтті таңдау болатын сияқты».

«Рейтинг» газеті қаңтар айындағы сандарының бірінде сайлаудан кейін Мәжіліс депутат болып кеткен  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ұласбек Сәдібековтың орнына баруы мүмкін деген кандидат Алмасбек Мамытбеков туралы осылай деп жазған еді. Жорамал дәл келді. Соңғы уақыттағы қызметі-- облыс әкімінің баспаөз қызметіне жетекшілік жасаған Алмасбек Мамытбеков жуырда партия төрағасы Асқар Мырзахметовтың бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Осылайша ел-жұртты, бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан дау-дамайға нүкте қойылды. Бұл орынтаққа отырудан облыстық мәслихаттың депутаты, зейнеткер Сұлтанбек Сүгірбаев та дәмелі болып, партияның жарнасын төлемегені үшін «Нұр Отанның» мүшелігінен қалай шығарылғанын, қайтіп оңбай сүрінгенін бұған дейін «Рейтингте» егжей-тегжейлі жазғанбыз. Енді міне...

«Бұйырған кетпейді, бұйырмаған жетпейді» деген сөз осындайда айтылған шығар. Сәтті басталған сценарий жүрісінен жаңылғанымен, ақыр аяғында жүзеге асты. 

Мұрағаттан, 12.05.2012 ж

Төлебиде «Бірінші Мамырға» Мәдениет үйі қажет
Түркіменстанда «Ұлы Отан соғысы» деп атауға тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу