Өзбекәлі Жәнібековтің аты берілсе

Oinet.kz 19-11-2020 985

Көше аты.jpg

ТМД елдерінің мәдени астанасы, миллион халқы бар Шымкент қаласының әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлына айтар ұсынысымды оқырманы көп «Рейтинг» газеті арқылы жеткізуді жөн санап отырмын. Құдай қаласа, Сіздің басшылығыңызбен 2021 жылы «Фосфоршылар» мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өтіп, маңайы халық демалатын әдемі саябаққа айналады деген үміттеміз. Қаладағы №24, №39 мектептерінің мыңдаған оқушылары сол мәдениет сарайында ашылған түрлі үйірмелерге баратын болады. 

Осы орайда саябақ «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жастар саябағы» деп аталса деген ұсынысым бар. Өзбекәлі ағамыз Оңтүстіктің тумасы, КазПи-дің тарих  факультетін бітірген, Келес ауданында мектепте мұғалім болып, аудандық комсомол комитетінің  бірінші хатшысы, кейін облыстық, республикалық комсомол ұйымын басқарды. Барлығы 15 жыл оның 9 жылында республика комсомолының бірінші  хатшысы, Мәдениет министрі, Орталық комитеттің идеология жөніндегі хатшысы болып абыройлы қызмет атқарған. Ғылым докторы, бірнеше ғылыми, салт-дәстүр туралы еңбектері, жастардың сүйіп оқитын тәрбиелік мәні зор туындылары елге таралды.

Бір замандарда Түркістаннан Ленинград қаласынағы Эрмитажға әкетілген тайқазанды  56 жылдан астам уақыттан кейін қайтарып алуда Өзбекәлі ағамыздың ерекше еңбек сіңіргені мәлім. Оны алу оңай болған жоқ. КПСС пен Совет өкіметін көндіре білді. Екінші керемет ісі – елімізде наурыз тойын мемлекеттік дәрежеде өткізу үшін Қазақстан мемлекетінің арнайы Қаулысын шығартты. Өзінің өнегелі өмірінде еліне орасан зор еңбек сіңірген Өзбекәлі Жәнібековтің келесі 2021 жылы 90 жылдығы атап өтілуі тиіс. Халқымыздың адал ұлы жерлес ағамыздың дүниеге келгеніне 90 жыл толуына орай «Фосфор» мәдениет сарайы «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жастар саябағы» деп аталса және ескерткіш қойылса жақсы болар еді.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы осы ұсынысты қолдайды деп ойлаймын. 

Өркен ӘБДІРЕЕВ,

Тыл және Еңбек ардагері 

Қ.Жұмаділов Ш.Айтматовқа жағымпазданған қазақ жазушыларын қатаң сынға алды
«Қыз алып қашу операциясы» қашанға дейін жалғасады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу