Аргентинада Абай көшесі мен «Қазақстан Республикасы» алаңы пайда болды

Oinet.kz 20-12-2021 817

Аргентина қалаларының бірінде қазақстандық атаудағы көше мен алаң пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz

image.png

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Бразилиядағы, сонымен қатар Аргентинада қоса елші қызметін атқарушы Болат Нүсіпов қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы атындағы көшенің, сондай-ақ Аргентинаның Росарио қаласындағы "Қазақстан Республикасы" алаңының ресми ашылу рәсіміне қатысты - ҚР СІМ баспасөз қызметі

Өз сөзінде елші Болат Нүсіпов ел басшылығының ұлттық сана-сезімді, өзіндік мәдени кодты сақтау және мәдени жетістіктерді, оның ішінде шетелде насихаттау жөніндегі бастамаларын іске асырудың маңыздылығын баса айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" және "Абай – рухани реформатор" мақалалары аясында Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде, Қазақстанның Росариодағы Құрметті консулы Густаво Гутиерес Қазақстан халқының Абай тұлғасына зор маңыз беретінін атап өтті. Консулдың айтуынша, Абай әлемдік мәдениет үшін Шекспир, Гете, Пушкин немесе Мольер сияқты құндылыққа ие. Осыған байланысты Гутиерес Абай көшесінің ашылуы аргентиналықтарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен танысуға қосымша мүмкіндік беретінін айтты.

Іс-шаралар 2019 жылғы қарашада қол қойылған меморандуммен белгіленген Алматы мен Росарио қалалары арасындағы бауырластық қатынастар шеңберінде өтті.

Алексей Цой қызметінен босатылды
Алексей Цойдың қызметінен не себепті кеткені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу