Семейде атауы жоқ көшеге Назарбаев есімін бергелі жатыр
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихаты "Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының құрамдас бөлігінің атаулары туралы" бірлескен қаулы жобасын дайындады.
- Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қарағайлы ықшам ауданындағы атауы жоқ көшеге Назарбаев даңғылы атауы берілсін, - делінген құжатта.
Қаулы "Ашық НҚА" сайтына 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.