Бүгін Геннадий Головкиннің туған күні

Oinet.kz 08-04-2021 1155

Осыдан 39 жыл бұрын (1982) Бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин дүниеге келді. Қарағандыда туған. 

Геннадий Головкин.jpg

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері – «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы – спортшы. 

Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). 

ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); 

ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); 

Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); 

Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); 

жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); 

әлем чемпионы (2003); 

«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 

75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); 

Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); 

«А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. 

Кәсіпқой бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Геннадий Головкин – орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.

Семейде атауы жоқ көшеге Назарбаев есімін бергелі жатыр
Түркістандық үшемдерге ерекше есім берілді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу